Елордалық полиция жолаушының бетіне газ баллонын шашқан бұзақыны іздестіруде

Елордалық полиция жолаушының бетіне газ баллонын шашқан бұзақыны іздестіруде

Елордалық полиция жолаушының бетіне газ баллонын шашқан бұзақыны іздестіруде
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтанда белгісіз бұзақы қоғамдық көлікте газ баллонын шашып, жолаушыға тап берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Оқыс оқиға бүгін сағат 10.00 шамасында №9 автобуста тіркелген. Полицияға жергіліктің тұрғындардың бірі арыз түсірді. Оның айтуынша, белгісіз ер адам автобус салонында біреумен төбелесіп қалып, бетіне газ балонын шаша салған. Ал автобустан шыққаннан кейін ер адам қарсыласын бетінен бір теуіп, оқиға орнынан ізін суытып кетті», - деп хабарлайды қалалық Полиция департаменті. Аталмыш факт негізінде қазіргі уақытта бұзақылық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері күдіктіні іздестіру үстінде.