Нұр-Сұлтанда және бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтанда және бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтанда және бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
Ақмола, Қызылорда, Түркістан, Қостанай, Маңғыстау облыстарында және астанада ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап. 14-15 тамыз күндері Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, жел оңтүстік-батыстан, солтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, 15 тамыз күні күндіз желдің екпіні 25 м/с-қа жетеді. Нұр-Сұлтанда 14-15 тамыз күндері найзағай ойнайды. 15 күні күндіз бұршақ жаууы ықтимал, жел солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. 14 тамызда Қызылорда облысының кей жерлерінде жел батыстан, солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, күндіз кей жерлерде шаңды дауыл тұруы мүмкін. 14 тамыз күні Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұруы ықтимал, жел батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. 14 тамызда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, жел алдымен батыстан, артынша солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Күндіз кей жерлерде бұршақ жауады. 14 тамыз күні Маңғыстау облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғып, шаңды дауыл тұруы мүмкін.