Нұротандықтардың қатары танымал тұлғалармен толықты

Нұротандықтардың қатары танымал тұлғалармен толықты

Нұротандықтардың қатары танымал тұлғалармен толықты
ашық дереккөзі

Тұңғыш президент күні қарсаңында еліміздің бірқатар танымал тұлғалары «Нұр Отан» партиясының мүшелігіне өтті. Жүрсін Ерман, Маржан Арапбаева, Самат Смақов бастаған есімі елеулі азаматтар бүгіннен бастап «нұротандық» атанды.

Сондай-ақ, белгілі ақындар Серік Ақсұңқарұлы мен «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Қалқаман Сарин, көсемсөзші Ауыт Мұқибек, футболдан қақпашы Давид Лория да партияластар қатарын толықтырды. “Түйе балуан” жарысының жеңімпазы Жұманазар Ерсұлтан, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұрлан Керімбаев, актер Нұркен Өтеуілов, Global Eagles компаниясының бас директоры Дастан Нүскенов те “Нұр Отан” мүшесі атанды

Партияның жаңа мүшелерінің арасында БАҚ қызметкерлері де бар. «Қазақстан-Шымкент» телеарнасының бас директоры Уәли Қыдыр мен «Қазақстан» ұлттық телеарнасы шығармашылық бірлестігінің редактор-жүргізушісі Ирина Тенге партия билеті табыс етілді. Қазіргі таңда «Нұр Отанның» 868 мыңнан астам мүшесі бар екенін айта кетейік. Тұңғыш президент күні қарсаңында партия қатарына қабылдау салтанаты Қазақстанның барлық өңірлерінде өтіп жатқанын ескерсек, алдағы күндері нұротандықтардың саны тағы да көбейе түспек.