26 Шілде, 16:22 507 0 Заң Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Жауғаштыдағы әйелдер колониясында зорланған әйел

Алматы облысы Жауғашты кентіндегі әйелдер колониясында (ЛА-155/4 мекемесі) отырған трансгендер Виктория Беркходжаева түрмеде бірнеше мәрте зорланғанын мәлімдеді. Бұл туралы оның адвокаты Айман Умарова хабарлады.

Қорғауындағы әйелмен 25 шілдеде кездескен Умарованың айтуынша, Беркходжаеваны мекемеге кедергісіз кіре алатын ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері зорлаған. Сексуалдық зорлық үш мәрте - 19, 20 және 24 шілдеде болған.

"Ол арызданды. "Бірнеше мәрте сексуалдық зорлық көрсету" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеуді Іле аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатыр", - деді адвокат Умарова.

ЛА-155/4 мекемесінің басшысы Думан Рахманов бұл ақпаратты Азаттық радиосына растады.

Ұлттық превентивті механизмнің Алматы облысы бойынша мекемесінің бір мүшесі Виктория Беркходжаева түрмеде қауіпсіз орында отырғанын айтты.

"Виктория қазір қауіпсіз жерде отыр, бірақ бұл карцер емес. Оны кәмелет жасқа толмағандарға арналған бұрынғы бөлімге ауыстырған. Онымен бір әйел отыр", - деді есімін атауды жөн көрмеген қызметкер.

Ол мекемеде тергеу жүргізуші топты, прокурорларды көргенін, бірақ олар оған іс туралы ештеңе айтпағанын хабарлады.

Виктория Беркходжаева 2016 жылы тамызда ұсталды – бұған дейін ол ер жынысын әйел жынысына ауыстырған, бірақ құжаттарын рәсімдеп үлгермеген. Сот процесі басталғанда оны ер азамат ретінде қарады, сот үкімі шығатын уақытта Беркходжаева жаңа жынысы көрсетілген жеке куәлік алды. 2017 жылы наурызда Алматыдағы сот оны аса ірі көлемде ақша бопасалады деген айыппен жеті жылға соттады.

Соңғы жаңалықтар