#TazaQazaqstan акциясы басталды

#TazaQazaqstan акциясы басталды

#TazaQazaqstan акциясы басталды
ашық дереккөзі
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев #Birge #TazaQazaqstan акциясын жариялады. Бас эколог өзінің Twitter парақшасында Нұр-Сұлтан қаласының маңындағы су қоймаларының жағдайы мәз емес екенін жазды. «Қаламыздың жақын маңдағы су қоймаларының біраз жерін аралап шықтым. Аумақтардың жағдайы мәз емес, айнала қоқыс, адамдардан қалған қалдыққа толы. Аяқ алып жүргісіз қоқыс үйінділері үйреншікті құбылысқа айналған. Проблеманы тек әкімшілік әдіспен шешу мүмкін емес, қоғамның бірлігі қажет», - дейді ол. Министр бұл проблемаға қоғам назарын аудару үшін #Birge #TazaQazaqstan акциясын бастайтынын хабарлады. «Осыған орай, #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы жөнінде хабарлағым келедi. 20 шілдеде Қоянды су қоймасын тазалаудан бастаймыз. Қоршаған ортаның тазалығын қалайтын барлық азаматтарды, қоғам қайраткерлерін, Үкімет мүшелері мен экология белсенділерін бірге қатысуға шақырамын», - деді Мағзұм Мырзағалиев. Кейін министр акцияға атсалысу үшін қай жерден жиналу қажеттігін де көрсетті. «Жиын 20 шілдеде 8:00 бен 8:30да Триатлон паркі тұрағынының жанында (кiру Момышұлы мен Қошқарбаев қиылысынан) болады. Сол жерден барлығымыз автобуспен акция орнына жететiн боламыз. Тамақ пен қажетті құралдар ұйымдастырылады. Жақсы көңіл-күймен келiп, игі iске атсалыңыздар», - деп үндеу тастады.