«Túrkistan» тойы Қырғыз жерінде аталып өтпек

«Túrkistan» тойы Қырғыз жерінде аталып өтпек

«Túrkistan» тойы Қырғыз жерінде аталып өтпек
ашық дереккөзі
12-14 шілде аралығында Қырғызстанның Ыстықкөлінде осымен жетінші мәрте ұйымдастырылып отырған халықаралық журналистика және коммуникация жазғы мектебі «Túrkistan» халықаралық газетінің 25 жылдық мерейтойына арналып отыр. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық уни­верситеті Журналистика факультетінің ұйым­дастыруымен өтетін халықаралық журналистика және коммуникация жазғы мектебінде басылым қызметкерлері дәріс оқып, өз тәжірибелерімен бөліспек. Атап айтқанда, «Түркістан» халықаралық газеті» ЖШС директор-бас редакторы Қуат Әуесбай, бас редактордың орынбасары Бейбіт Тоқтарбай, жауапты хатшы Динара Мыңжасарқызы, шолушы Ахмет Өмірзақ жазғы мектеп қатысушыларына газет шығару, ақпараттық-сараптамалық талдамалы материалдарды бүгінгі талапқа сай әзірлеу, өңдеу мәселесі, конвергентті журналистика қағидалары туралы баяндайтын болады. Аталған іс-шараға сонымен қатар, еліміздің және көршілес шет мемлекеттердің үздік медиа мамандары, ҚР БҰҰ Ақпараттық бюро жетекшісі, шетелдік ЖОО оқытушылары мен Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігінің өкілдері  қатысады.

«Түркістан-ақпарат»