17 Маусым 2019, 10:20 1273 0 Әдебиет Túrkistan Gazeti

Абайдың 175 жылдығына орай телехикая таспаланады

2020 жылы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толады. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Ұлы ақыны өмірге келген ШҚО барған сапарында айтулы мерейтойды жоғары деңгейде атап өту керектігін айтқан-ды.

«Қазақстан» РТРК» АҚ Абайдың 175 жылдығына арналған телехикаяға байқау жариялады.

«Қазақстан» РТРК» АҚ ұлы ақын, жазушы ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай телехикая түсіреді. Осыған байланысты, телехикаяның сценарлық идеясына байқау жариялайды. Байқауға қатысу үшін орындаушы компания - идея, синопсис, сондай-ақ, концепция ұсынуы шарт. Ұсыныстар тарихи фильмдер мен телехикаялар өндірісінде тәжірибесі бар, техникалық мүмкіндіктері жоғары компаниялардан ғана қабылданады», - делінген баспасөз баянда.

Байқауға өтінімдер қабылдау 2019 жылдың 1 тамызына дейін жүргізіледі. Ұсыныстар kaztrk@kaztrk.kz электронды поштасы арқылы қабылданады.

 

Соңғы жаңалықтар