«Көкейімдегі бар әлем» республикалық шығармашылық фестивалі өтті

«Көкейімдегі бар әлем» республикалық шығармашылық фестивалі өтті

«Көкейімдегі бар әлем» республикалық шығармашылық фестивалі өтті
ашық дереккөзі
 

Мүмкіндігі шектеулі балалар мен жастар арасындағы «Көкейімдегі бар әлем» республикалық шығармашылық фестивалінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі Астана қаласының Оқушылар сарайында өттті.

Фестивальдің ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі. Конкурс Қазақ хандығының 550 жылдығына, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған. Фестивальдің марапаттау рәсіміне өңірлерден 100-ден астам балалар мен жас адамдар қатысады.

Конкурс 2 кезеңде – өңірлік және республикалық деңгейде «Қысқа метражды кино», «Фотосурет», «Графикалық дизайн», «Сәндік-қолданбалы өнер» номинациялары бойынша өтті. Конкурсқа қатысуға жас ерекшеліктеріне сәйкес 10-15 жас және 16-26 жас аралығындағы таланттар шақырылған.

Фестивальдің негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балалар мен жастардың мәдениет пен өнер арқылы әлеуметтік бейімделу процесін дамытуға қолдау көрсету. Конкурс мүмкіндігі шектеулі балалар мен жастарды әртүрлі өнер түрлерімен айналысуға және қоғаммен біріктіру мақсатында мәдени өмірге белсенді қатыстыру үшін тартуға бағытталған. Фестиваль жаңа таланттарды анықтауға, қатысушылардың кәсіби шеберліктерін, олардың өзара қарым-қатынастарын жетілдіруге, шығармашылықпен белсенді айналысуына жағдайлар жасауға, жетістіктерін көрсетуге және тәжірибе алмасуға арналған.

ZAH_1137MUHA8603