Үш ауыз сөзбен бала тәрбиелеу

Үш ауыз сөзбен бала тәрбиелеу

Үш ауыз сөзбен бала тәрбиелеу
ашық дереккөзі
1407
«Ұрпағымның ұяты болсын», – деген қазақ бала тәрбиесін қашанда» биік қойғаны белгілі. Ұятсыз немесе жүгенсіз деген сөзге қалмау үшін қызды қырық үйден тыйып, тәрбие бергені де рас. Ондайларды көрсе «Аяғын етік қыспаған, аузын шеше қыспаған», – деп қыз тәрбиесіндегі ана рөлін ерекше бағалаған. Бақсақ, қазақ баласын үш-ақ ауыз сөзбен тәрбиелеген екен. Жақсыдан үйретіп, жаманнан жирентіп отырған. Оның алғашқысы: ұят болады. Екіншісі: жаман болады. Үшіншісі: обал болады. Ұят болады дегені – өлімнен ұят күшті, ұятты іс істеме. Сондай-ақ, «жаным арымның садағасы», – деу арқылы қазақы тәрбиедегі ұят ұғымын танытқан. Жаман болады деп – «жақсы сөз жарым ырыс», жамандықтан аулақ жүр десе, жақсының шарапаты, жаманның кесапаты тиеді деп түсіндірген. Обал болады дегені – әр нәрсенің сұрауы бар, саған түкке тұрғысыз болған бір нәрсе басқа біреуге өте қымбат болуы мүмкін.Міне ержүрек, дана қазақ халқы өз ұлдарын ашса алақанында, жұмса жұдырығында, ал, қыздарын өте байсалды үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететіндей тәрбиелеген.

Жарас Нұрболұлы,

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің студенті

Серіктес жаңалықтары