1 шілдеден бастап жәрдемақы 30 пайыз өседі

1 шілдеден бастап жәрдемақы 30 пайыз өседі

1 шілдеден бастап жәрдемақы 30 пайыз өседі
ашық дереккөзі
2019 жылғы 1 шілдеден бастап мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға және бала кезінен I топтағы мүгедекке күтім көрсететіндерге берілетін жәрдемақы көлемі өседі. Бұл жөнінде «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының баспасөз қызметі мәлім етті. Талдықорғанда 20 отбасы қоныс тойын тойлап жатыр Мемлекет сағымызды сындырмай, демеу болып отыр. Мүмкіндігі шектеулі әке Қасым-Жомарт Тоқаев «Бақытты отбасы» аналар орталығында болды «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың берген тапсырмасына сәйкес, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға берілетін жәрдемақы көлемі 30 пайыз өсуі тиіс. «Бүгінде мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар күнкөріс көлемінің 1,05 мөлшерінде 31 183 теңге жәрдемақы алып отыр. 1 шілдеден бастап оның көлемі 10 395 теңгеге өсіп,  41 578 теңгені құрайды. Айта кетейік, елімізде аталған екі жәрдемақы түрі 95 мыңнан астам адамға тағайындалған. Оның 82 мыңға жуығы – мүгедек баланы тәрбиелеп отырғандар болса, 13 мыңнан астамы – бала кезінен I топтағы мүгедектерге күтім көрсететіндер» делінген хабарламада. Жылдың ортасынан бастап көлемі өсірілетін жәрдемақының қайта есептелуін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшелері мен Еңбек комитетінің аймақтық департаменттері автоматты түрде жүзеге асырады, бұл үшін жәрдемақы алушылар қосымша құжат тапсырмайды. Жәрдемақы тағайындау шілденің және келесі әрбір айдың 1-нен 15-не дейін жұмыс күндері жүргізіледі.