Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері күні

Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері күні

Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері күні
ашық дереккөзі
Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері осыдан 27 жыл бұрын, 4 маусым күні бекітілген болатын. Содан бері аталмыш датаны барша қазақстандықтар айтулы мереке ретінде атап өтіп келеді. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран.  Мемлекеттік үш нышанды таңдау үшін 1992 жылдың басында Жоғарғы Кеңес президиумы жұмыс тобын құрып, арнайы шығармашылық комиссия тағайындады. Оның құрамына Салық Зиманов, Ербол Шәймерденов, Серікболсын Әбділдин, Серік Әбдрахманов және т.б. қайраткерлер кірді. Осыдан кейін бүкіл Қазақстан көлемінде Елтаңба, Ту, Әнұран нұсқаларына конкурс жарияланды. Бір ғана тудың өзіне 600 адамнан 1 200 нұсқа түссе, Елтаңбаның 245 жобасы, әнұранның 750 үлгісі байқауға қатысты.