2018 жылы Қазақстанда 400 мыңдай бала туған

2018 жылы Қазақстанда 400 мыңдай бала туған

2018 жылы Қазақстанда 400 мыңдай бала туған
ашық дереккөзі
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті мәлімдегендей 2018 жылы Қазақстанда жаңа туған 397799 бала тіркелген, оның ішінде қалалық мекендерде – 235014 адам, ауылдық – 162785 адам. Ал, туу жағынан ең жоғарғы көрсеткіш Маңғыстау облысында. Туғандардың 51,6% (205224) ер балаларды және 48,4% (192575) қыз балаларды құрады. Туған кездегі жыныстардың арақатынасы 100 қыз балаға шаққанда 107 ер баланы құрады. 2008 жылмен салыстырғанда туғандар саны 11,6% (ер балалар – 12%, қыз балалар – 11,1%), қалалық мекендерде – 19,4%, ауылдық мекендерде – 1,9% артты. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 2018 жылы 21,77 (2008 жылы – 22,75) туғандарды құрады, қалалық мекендерде – 22,16 (2008 жылы – 23,63), ауылдық мекендерде – 21,22 (2008 жылы – 21,75) құрады. Қазақстан өңірлерінің ішінде туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау облысында (1000 тұрғынға шаққанда 29,72 туғандар), Нұр-Сұлтан қаласында (27,67) және Шымкент қаласында (27,53) байқалды. Ең төменгі көрсеткіш Солтүстік Қазақстан (12,93), Қостанай (13,30) және Павлодар (15,72) облыстарында көрініс тапқан.  

Рысбек АРАПХАНҰЛЫ