20 Мамыр 2019, 17:26 754 0 Ішкі саясат Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Сайлауды 300 бақылаушы бақылайды

Орталық сайлау комиссиясында Қазақстанда 9 маусымда өтетін Президент сайлауын ТМД-дан қанша байқаушы қадағалайтыны жария етілді.

Бүгін Орталық сайлау комиссиясында ҚР ОСК төрағасы Берік Имашев пен ТМД Атқару комитеті - атқарушы хатшысы төрағасының бірінші орынбасары Виктор Гуминский кездесті. Бұдан соң Виктор Гуминский тілшілермен баспасөз мәслихатын өткізді. "ТМД мемлекеттері тарапынан Қазақстандағы кезектен тыс Президент сайлауын байқау миссиясы бүгіннен басталғанын мәлімдеймін. Бізде миссия штабы құрылып, бүгіннен бастап миссиямызды даярлау, қызметтік міндеттемелерін орындау жұмыстарына кірістік. Миссия Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінен шақырту алды. Осыған байланысы ТМД Атқару комитеті Украинадан басқа достастыққа мүше елдердің бәріне, Парламентаралық Ассамблеяға тиісті ұсыныс жолдады. ТМД-дан миссия құрамында 300-ге тарта байқаушы болады деп күтіліп отыр", - дейді Виктор Гуминский.   ТМД-дан байқаушылар миссиясы Қазақстандағы сайлауды, оның ішінде ҚР Президентін сайлауда үлкен тәжірибеге ие. ТМД-дан 700-ден астам байқаушы Қазақстанда 2015-2016 жылдары өткен екі сайлау науқанына қатысқан болатын. Еске сала кетейік, ҚР Президентінің сайлауы 9 маусым күні өтеді. Сайлауға 7 кандидат тіркеліп отыр.

Соңғы жаңалықтар