20 Мамыр, 16:05 308 0 Жаһан Turkystan Support

Зеленский парламентті таратпақ

Украина парламентінде Владимир Зеленский халыққа адал қызмет етуге ант етіп, ел президенті қызметіне кірісті. Ұлықтау рәсімінде сөйлеген Зеленский жоғарғы раданы (парламент) тарататынын айтты.

Инаугурациядан соң сөйлеген Зеленский Украинадағы әлеуметтік мәселерге тоқталды. Ол "Үкімет біздің мәселені шешпейді. Үкіметтің өзі - біздің мәселеміз" деген цитатаны келтіріп, "Парламентте келешек ұрпақтың қамын ойлайтындар ғана отыруы керек" деді.

«Жаңа перзидент парламенттен депутаттардың тиіспеушілік мәртебесін алып тастауды, Украина қауіпсіздік қызметінің басшысын, қорғаныс министрі мен бас прокурорды қызметінен кетіруді сұрады. Зеленский депутаттарға "Бұл үшін сіздерге екі ай беріледі» деді.

Ол Украинаның Еуропаға бет бұратынын айтты. «Ең басты мақсатым - Донбасстағы дауға нүкте қою», – деді Зеленский.

Зеленский депутаттарға қарата "Кабинеттеріңізге менің суретімді ілмеңіздер. Президент - мінәжат ететін нәрсе емес. Балаларыңыздың суретін қойыңыздар. Қандай да бір шешім қабылдамас бұрын солардың көзіне қараңыздар" деді.

Соңғы жаңалықтар