17 Мамыр 2019, 13:11 531 0 Сыртқы саясат Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Австрия бастауыш мектептерде хиджабқа тыйым салды

Австрия парламенті бастауыш мектептерінде хиджаб тағуға тыйым салу жөніндегі заң жобасын мақұлдады. Заң жобасын канцлер Себастьян Курцтың халықтық партиясы мен оңшыл радикалдық азат партиясы қолдады.

Құжатта басты жабатын діни немесе идеологиялық киімге тыйым салынады делінген. Бірақ бұл заң жобасындағы тыйымның еврей бас киімі мен сикхизм өкілдерінің бас киіміне қатысы жоқ. "Себебі бұл бас киімдер шашты толық жаппайды, жартысы ашық тұрады" деп түсіндіріп өткен.

Үкімет аталған заң жобасын үш рет парламентке ұсынған.

Депутаттардың пікірінше, құжат мұсылман қыздарына Австирия қоғамына сіңісуге мүмкіндік береді. Ал оппозиция өкілдері болса, бұл не интеграция, не білім мәселесін шешпейді деп отыр.

Заңды бұзған жағдайда хиджап киген қыздың ата-анасына 440 еуро айыппұл төленеді.

Австрияда 2017 жылдан бері қоғамдық орындарда бетін толық жауап жүретін киімге тыйым салынған.

Соңғы жаңалықтар