16 Мамыр, 17:47 178 0 Сыртқы саясат Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Путин G20 саммитінде Трамппен кездесуі мүмкін екенін айтты

Ресей президенті Владимир Путин маусым айында Жапонияның Осака қаласында өтетін "Үлкен жиырмалық" саммитінде АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуі мүмкін екенін айтты.

Сочиде журналистер алдында сөйлеген Путин Вашингтонмен қатынасын қалыпқа келтіруге үмітті екенін айтқан. Бұған дейін, 13 мамырда, Трамп Путинмен саммит кезінде кездесуді жоспарлап отырғанын мәлімдеген. Кремль Ресей президентінің жүздесуге әзір екенін айтқанымен, Ақ үйден кездесуге сұраныс ретінде ресми хат келіп түспегенін хабарлаған.

14 мамырда АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Сочидегі кездесуден соң Вашингтон-Мәскеу қатынасын қалыпқа келтіру қажетін сөз еткен. Бірақ қос тарап бірқатар мәселе бойынша арада үлкен келіспеушілік барын айтқан.

"Үлкен жиырмалықтың" өткен саммиті алдында Трамп пен Путин кездесуі өтеді деп бірнеше рет хабарланғанымен, қос президент жүздескен жоқ. Бұған Ресей аннексиялап алған Қырым жағалауында Мәскеудің 24 украин теңізшісін ұстауы себеп болған. Украин теңізшілері әлі күнге дейін қамауда отыр.

Соңғы жаңалықтар