16 Мамыр, 15:06 99 0 Ішкі саясат Әсел ӘНУАРБЕК

Депутаттар сапары жалғасуда

Еліміздің әр өңірінде мәжіліс депутаттарының халықпен кездесіп жатқаны мәлім. Бұл кездесудің басты мақсаты – Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыру және табысы аз және көпбалалы отбасыларын қолдауға бағытталған.

Парламент өкілдері еңбек ұжымдарымен өндірістік алаңдарда жүздеседі және ауылшаруашылық, әлеуметтік мекемелерге барады. Осыған орай, Жоғарғы аграрлық техникалық колледжінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Е.Құдайберген, М.Чирков, К.Әбсәтіров, Г.Шиповскихпен кездесті. Кездесу барысында депутаттар 3D ақпараттық дизайн кабинетімен танысты.

«Бүгін колледждің жұмыстарын көріп көңіліміз толып тұр. Еліміздің Батыс өңіріндегі, Маңғыстау, Атырау облыстарына керекті, еңбек нарығындағы сұраныстағы мамандықтар осында дайындалып жатыр. Ал 3D модельдеуге келетін болсақ, бүгін ғылым алға қарқындап даму үстінде. 3D модельдеу жастарға келешекте дамуға үлкен мүмкіншілік береді. Елбасы Н.Назарбаев жастарды қолдау мақсатында жұмыс орындарын ашуға тапсырма және жас мамандарды баспанамен қамтамасыз етуге тапсырма берді. Ең бастысы еңбектену керек. «Алма піс, аузыма түс» дейтін заман емес. Жаңа да айтып өттік, бүгінде тірлік жасаймын, өсемін, өнемін деген адамға барлық мүмкіндік қарастырылған. Алдына мақсат қойған, әрі сол жолда тынбай еңбектенген адам жетістікке жетеді деп ойлаймын», – деді Мәжіліс депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Ержан Құдайберген.

Соңғы жаңалықтар