14 Мамыр, 15:46 166 0 Экология TURKYSTAN.KZ

Кіші Аралдан айырылып қалмау керек

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен Қызылорда облысының әкімдігіне Кіші Аралдан айырылып қалмау шараларын қолға алуды тапсырды.

«Халық Арал тағдырына алаңдайды. Елбасының бастамасы бойынша «Сырдария арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу» жобасы іске асырылуда. Осы жобаның және Көкарал бөгетінің арқасында Кіші Аралдағы су қалпына келді», – деді Қ.Тоқаев Қызылорда өңірінің жұртшылығымен кездесу барысында.

Бұл ретте, Мемлекет басшысы Кіші Аралдың алдағы тағдырына алаңдаушылық білдірді. «Мәселелер мұнымен шектелмейді. Көкарал бөгетінің төменгі жағын Сырдария ағыны бұзып жатыр. Дереу қолға алмасақ, Кіші Аралдан айырылып қалуымыз мүмкін. Осы уақытқа дейін жиналған 27 млрд текше метр су зая кетпеуі керек. Үкімет пен әкімдікке шаралар қабылдауды тапсырамын», - деді Президент.

Сондай-ақ Қ.Тоқаев ауылдық жерлердегі инфрақұрылымды жаңғырту мәселесіне назар аударды. «Жергілікті жолдар, су құбырлары, электр желілері, мәдени-спорттық кешендер - барлығы жаңаруы қажет. Аталған бағытта облыс басшылығы жоба жоспарларын дайындауы тиіс», - деді ол.

Ал бизнесті қолдау шараларына қатысты «Кәсіпкерлерді одан әрі демеу үшін жаңа кәсіпорындарға 3 жылдық инвестициялық салық несиелерін ұсынамыз. Бұл бастама оларға нарықта орнығып, бизнесінің іргесін нығайтуға мүмкіндік береді», - деді.

Тэгтер Арал теңізі

Соңғы жаңалықтар