10 Мамыр 2019, 15:56 776 0 Денсаулық "Түркістан" газетінің авторлары

ОРАЗА ҰСТАМАУҒА БОЛАТЫН ЖАЙТТАР

Жуырда Орталық коммуникациялар қызметінде Рамазан айына қатысты баспасөз мәслихаты болып өтті. Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы – бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин бірқатар кеңестермен бөлісті. Рамазан айында ауыз бекітетін мұсылмандарға 8-10 стақан су ішуді ұсынды. «Неге десеңіз, су ішкен кезде, адам шөлдемейді. Сосын тәтті газдалған сусындарды бір ай бойы ұмыту керек, тұздалған тағамдарды азайтқан жөн. Сонда ораза жеңіл өтеді», – деді бас санитарлық дәрігер. Ол сондай-ақ вирусты гепатит, созылмалы ішек аурулары, асқазан жарасы, гастриті бар адамдарға да ораза ұстамауға болатынын айтты. «Мұндай кезде азаматтар міндетті түрде дәрігерімен кеңесуі керек. Дәрігер рұқсат берсе, сонда ғана ораза ұстауға болады», – деді Бекшин. Қант диабеті, гипертония, миокард инфарктісіне шалдыққан, инсульт алған адамдарға ауыз бекітпеуге кеңес берді. «20 сағат бойы ас-сусыз жүру өте қиын. Сондықтан жүкті әйелдер, бала емізетін аналар, қариялар мен жеті жасқа толмаған балалар, әскери адамдарға ораза ұстамауына болады», – деді Бекшин

Соңғы жаңалықтар