"Достық дастарқаны" фестивалі өтті

"Достық дастарқаны" фестивалі өтті

"Достық дастарқаны" фестивалі өтті
ашық дереккөзі
Кеше Алматы қаласындағы Достық үйінде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Достық дастарқаны» атты ұлттық тағамдар фестивалі өтті. «Достық дастарханы» фестивалі әртүрлі этностардың ұлттық тағамдарымен танысу арқылы төзімділік пен мәдениетаралық түсіністікті нығайтуды көздейді. Сонымен қатар, жастарды этностардың тамақтану мәдениетімен және қонақжайлылығымен таныстырудың зор мүмкіндігі болып табылады. Бұл жоба барлығын бір істің аясында біріктіруге және түрлі мәдениеттердің қырларын ашуға септігін тигізері сөзсіз. Іс-шараның мақсаты қатынасу мен ынтымақтастық мәдениетін қалыптастыру, Қазақстанда тұратын этностардың аспаздық дәстүрлері ерекшеліктерімен таныстыру арқылы түрлі этностардың салт-дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады. Фестиваль бағдарламасында: тағамдардың көрмесі мен дәм тату, сондай-ақ, тағамдардың әзірлену әдістерін, денсаулыққа пайдалы тұстарын айту; қонақтарды күту салтын көрсету; этномәдени біррлестіктердің шығармашылық ұжымдарымен әзірленген концерттік нөмірлер қарастырылған. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ж.Қ.Түймебаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің, Алматы қалалық мәслихатының депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, мемлекеттік органдардың, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Алматы қаласының жұртшылығы, этномәдени бірлестіктердің жастары, БАҚ тілшілері қатысты. «1 мамыр еліміздегі ұлттардың бірлігі күнін атап өттік. Бүгін еліміздгі этностардың ұлттық тағамдарының фестивалін ұйымдастырудамыз. Мұндай шаралар ұлттардың бірлігін, татулығын нығайтып, бір-біріміздің мәдениетімізді терең танып, білуге жол ашады”, - дейді ұйғыр бірлестігінің мүшесі Абдулхалил Толкунтай. Шараны Қазақстан халқы Ассамблеясының аясында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РМК, Алматы қ. «Қоғамдық келісім» КМК, республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктер ұйымдастырды.