ОТАНДЫҚ ӨНІМ ӨРЛЕСІН ДЕСЕК...

ОТАНДЫҚ ӨНІМ ӨРЛЕСІН ДЕСЕК...

ОТАНДЫҚ ӨНІМ  ӨРЛЕСІН ДЕСЕК...
ашық дереккөзі
1469
Еліміз отандық өнімнің тасын өрге домалатамыз десе де, сол үдеден шыға алмауда. Бүгінде халық тұтынатын тұрмыстық тауардың дені сырттан келеді. Оның ішінде үстіміздегі киім-кешек, аяқ киім, тіпті ішетін ас-суымыз да импорттың еншісінде. Ал қыз-келіншектердің әрін бермеуге септігін тигізетін косметика өнімдері түгел дерлік шетелден ағылады. Содан да болар, қазіргі кезде сұранысқа ие кәріс, француз, қытай косметикасы өтімді. Алайда, оның тиімді әсері қаншалықты екенін білу қиын. Тіпті, кейбіреулер атына қарап-ақ сатып алуға құмар. Егер сол косметика өнімдерінің орнын отандық өнім алмастырса ше? Сіз қайсысын қолдар едіңіз? Қытайдан атамекеніне келіп, бет, тері күтімін жақсартумен айналысып келе жатқан Гүлшаш Әубәкірқызының бұл салада еңбек еткеніне 20 жылдан астам уақыт болған. Жылдар бойы өз білімін әлемдік беделді косметологтардан үйреніп, өз саласының қыр-сырын меңгерген маман Қазақстан нарығындағы импорттық тауардың артық-кем тұсын зерттеп те көрген. Әрине, кейде бағасы аспандап тұрған өнімнің сапасы соған сай келе бермеуі мүмкін. Мұндайда керісінше өзі арзан тауардың тиімділігі жоғары болуы ғажап емес.  Бұл оның құрамындағы қоспаларға да байланысты. Егер өнім табиғи шөптер мен дәрумендер арқылы дайындалса неге тұтынбасқа? Қазақ әйелдерінің табиғи сұлулығын сақтауға көмегін тигізіп жүрген Гүлшаш Әубәкірқызы жақында «AG cosmetics» өнімдерінің тұсауын кесті. Өз елімізде дайындалған, тек қана табиғи қоспалардан тұратын бет күтіміне арналған өнім туралы: «Қазақстанда сапасы жоғары отандық косметика өнімдерін дайындауды жылдар бойы армандап келдім. Біз көбінесе шетелдің өнімдеріне құмармыз. Ал оның құрамында не бар екеніне ешкім мән бермейді. Сондықтан да қандай қоспа бар екеніне көзіміз жететін, өзіміз сапасын бақылайтын бет күтіміне арналған қазақстандық өнімді шығаруды көкседім. Әрине, мұның да өз машақаты бар», – деді. Отандық өнімнің тұсаукесеріне арнайы келген Қазақстанның халық артисі Роза Рымбаева: «Бір-бірімізді қолдамасақ, отандық өнімді тұтынбасақ, несіне жүрміз? Тіпті, менің үстімдегі киім-кешектің бәрі Қазақстанда тігілген. Жазғы демалысты әрдайым Алакөлде өткіземін. «Енді отандық косметиканы қолдануға дайынмын. Өзімізде жасалған дүниені ең бірінші өзіміз қолданайық. Әлемнің дамыған мемлекеттерінің бәрі өз елінде өндірілген өнімді тұтыну арқылы осындай жағдайға жеткен. Біз де өз ақшамызды өзімізге салайық, әйтпесе олар ешқашан өспейді», – дегенді айтты.  

Динара Дүрмән

Серіктес жаңалықтары