25 Сәуір, 11:44 806 0 Денсаулық Мақсат ҚҰСАЙЫНОВ

Әскер мен БАҚ арасында ойын өтті

2019 жылдың 23 сәуірінде  Құрлық әскерлері Әскери институтының оқу орталығында Алматы қаласының бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен  әскерилендірілген квест (әскери-спорттық ойын) өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің  имиджін арттыру, салауатты өмір салтын және белсенді демалысты насихаттау. Егеменді еліміздің айбынды Армиясының жетістіктерін насихаттау.

Квест бағдарламасы 3 кезеңнен тұрды: 1-ші кезең. ҚӘ ӘИ оқу орталығымен таныстыру, курсанттардың ату дайындығы бойынша практикалық сабақтарын көрсету, Т-72 танк қару-жарағынан штаттық снарядпен ату, взводтың жауынгерлік ату жаттығуларын көрсету.

2-ші кезең: Журналистер арасында әскери-спорттық ойын-эстафетасын өткізу. Әскери-спорттық ойын-эстафетасы келесі жарыс түрлерінен тұрады: тактикалық сұрақтарды шешу, карталармен жұмыс жасау, сонымен қатар  жылдамдық қозғалысын, бұзылған баспалдақты, қабырғаны, лабиринтті өту, оқ-дәрілермен жәшікті көтеріп жарға түсу,  сымды кедергілерден өту, граната лақтыру, ЖӘҚЖ-ды уақытқа киіп үлгеру, ату қару-жарағынан практикалық сынақ тапсыру және одан да қызықты сайыстар ұйымдастырылған. Ең қажеттілігі командалық рух және барлық ұжымның ұйымшылдығы.

3-кезең: Автомат АК-74-тен ату және жауынгерлік машинаны жүргізу.

Ойынның қорытындысы бойынша үздік командалар анықталды:1 орын «ТҮРКІСТАН» газеті және "Хабар 24" телеканалы мен "Еуразия" телеканалдарының журналистерінен құралған "Қасқыр" командасы. 2-ші орын "Казспорт" командасы, 3-ші орын "Ұлан" газетінің командасы. Жеңімпаздарды арнайы грамотамен Құрлық әскерлерінің Әскери институт бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник  Жұмабек Хасенов дипломд және сыйлықтармен  марапаттады.

Соңғы жаңалықтар