Бейсенбі, 9 Ақпан, 2023

Кәмелет жасына толмаған 2,5 мың қыз некеге тұрған

Былтыр Тәжікстан соттары кәмелеттік жасқа толмаған 2,5 мың қыздың некеге тұруына рұқсат берген.

Былайша айтқанда, күнде жасы 18-ге толмаған 6-7 қыз тұрмысқа шығып жатады. Бұл мәліметтерді Тәжікстан Жоғарғы соты статистикасына сүйене отырып, Омбудсмен кеңсесі жариялады.

Елдің заңына сәйкес, неке жасы 18-ден басталады. Бірақ ерте жүкті болса, не ата-анасы ауру болса, 17 жасында некеге тұруға рұқсат беріледі.

Душанбе тұрғыны Зебо 16 жасында тұрмысқа шыққан. Оның қатарластары 10-сынып оқып жүргенде, Зебоның аяғы ауыр болып, босануға дайындалып жүрген. “Үй жұмыстарын жасап жүрдім, бірақ ана болуға, бала күтуге әлі жас едім», – дейді ол.

Бүгінде Зебоның жасы 25-те, екі баласы бар. Ол жоғары білім алмағанына қатты өкінеді. Қазір тек балаларын бағып, миграцияда шетелде жүрген күйеуі жіберетін ақшаға ғана қарап отыр.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button