15 Наурыз, 16:25 411 0 Қоғам Назым Тойлыбаева

Астанада есту қабілетін жақсартатын мектеп ашылды

№ 2 қалалық емхананың базасында есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың ата-аналарына  арналған мектеп ашылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Дәрігерлер есту қабілетінің нашарлауының алдын алуға санитарлық-ағарту жұмысын жүргізуді жоспарлауда. Мұнда есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың ата-аналарымен әңгіме жүргізілетін болады.

«Мен есту қабілеті бұзылған балалардың ата-анасымен байланыс орнатқым келді. Одардың жалғыз еместігін көрсетіп, мәселелерін шешуге болатынын көрсеткім келді. Кей балалардың есту қабілетінің нашарлығы дер кезінде анықталса, емдеуге болады. Сабақты айына екі рет өткізу жоспарлануда», - деді №2 қалалық балалар ауруханасының сурдолог дәрігері Әсел Құдайбергенова.

Есту қабілетін нашарлататын аурудың кейбір түрлері пациентте өмір бойы болады, сол себепті білімді толықтырып отыру қажет. Дәрігердің айтуынша, есту және сөйлеудің қазіргі замандағы диагностикасы мен емі, түзеу және оңалтудың арқасында баланың дамуы өзінің құрбы-құрдастарынан кем болмайды.

Әсел Құдайбергенованың айтуынша, интернеттен оқып алып немесе халықтық әдістермен ем қабылдаудың қажеті жоқ. Баланың есту және сөйлеуінің нашарлығын дер кезінде анықтап, дұрыс ем қабылдамау баланың дамуына кері әсерін тигізеді. Тек кәсіби маман ғана дұрыс диагноз қоя алады. Ал қазіргі заманғы медицина кемшілікті ерте кезден анықтап, дұрыс ем белгілеуге мүмкіндік береді.

 

Соңғы жаңалықтар