21 Ақпан, 15:35 406 0 Экология Аяулым САЛЫҚЖАНОВА

Тасқынға тосқын

Қазақстанда 505 елді мекен су тасқыны қаупі бар аймақта тұр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер хабарлады.

Комитет дерегінше, тасқын қаупі төніп тұрған аймақтардың қатарында Алматы олысы (75 елді мекен), Шығыс Қазақстан (76), Ақмола (46), Ақтөбе (35), Қарағанды (33), Қызылорда (31), Қостанай (52), Павлодар (14) және Солтүстік Қазақстан (18) облыстары бар.

Беккер су тасыған жағдайда жедел әрекет ету үшін арнаулы жасақ құрылғанын хабарлады. Оның сөзінше, комитет бөлімшелерінің барлығы қажетті техникамен жабдықталған.

Ресми дерек бойынша, 2018 жылы көктемде елімізде 58 елді мекенде 1600 үйді еріген қар мен жаңбыр суы басып, төрт мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілген болатын.

Соңғы жаңалықтар