Сарыарқа ауданына жаңа әкім тағайындалды

Сарыарқа ауданына жаңа әкім тағайындалды

Сарыарқа ауданына жаңа әкім тағайындалды
ашық дереккөзі
Астана қаласы әкімі Бақыт Сұлтановтың өкімімен Сарыарқа ауданының әкімі болып Ерғали Егемберді тағайындалды, деп хабарлайды Елорда Инфо. Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов қалалық мәслихат депататтарына Ерғали Егембердінің кандидатурасын ұсынды. Әкім ұсынған кандидатураны мәслихат депутаттары бірауыздан қолдады. Ерғали Қуандықұлы 1977 жылы 23 қарашада туған, білімі жоғары. Мемлекеттік қызметтің бірнеше сатыларында абыроймен еңбек еткен. Мамандығы бойынша экономист, заңгер. Cаяси ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын Астана қаласы Қаржы департаментінің бас маманы-заңгер қызметінен бастаған. Қаламызда Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы, Президент Әкімшілігінде Мемлекеттік инспектор, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі сияқты лауазымды қызметтерді атқарды. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Америка құрама штаттарында білім алған. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Сарыарқа ауданы әкімінің қызметін Арман Тұрлыбек атқарған болатын. Қазір ол қала әкімінің орынбасары қызметін атқарады.