5 Ақпан, 16:36 484 0 Денсаулық Әсел ӘНУАРБЕК

Өткен айда МСҚ-на 7,6 млрд теңгеден астам жарна түсті

Биылғы  жылдың алғашқы айында Медициналық сақтандыру қорына 7,6 млрд теңге көлемінде жарна түсті. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 31 қаңтарына дейінгі аралықта жинақталған жарнаның жалпы сомасы 140,51 млрд теңгені құрады.

 

Оның 131,85 млрд теңгесі (шамамен 93,8%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,66 млрд теңге (6,2% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.

Естеріңізге сала кетсек, жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.

Соңғы жаңалықтар