Президенттік клиниканың басшысы Әмір Ахетов қайтыс болды

Президенттік клиниканың басшысы Әмір Ахетов қайтыс болды

Президенттік клиниканың басшысы Әмір Ахетов қайтыс болды
ашық дереккөзі
ҚР Президенті істері басқармасының Медициналық орталығы ауруханасының директоры Әмір Ахетов қайтыс болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы Президент істері басқармасының өкілдері хабарлады. Әмір Амантайұлы Ахетов 10 жыл бойы Президент істері басқармасы жүйесінде жұмыс істеді. Әр жылдары ол "Алматы" және "Оқжетпес" шипажайларын, Орталық клиникалық аурухананы, медициналық орталық ауруханасын басқарды. Медицина ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының құрметті мүшесі, Ресей Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының профессоры. Ғалымдар тобының құрамында 2017 жылы Әмір Ахетов ұзақ өмір сүру саласындағы әзірлемелері үшін әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.