Ташкентте бір миллион доллар тұратын көне қазына табылды

Ташкент орталығындағы көне ғимараттардың бірінің жертөлесінен 80 жыл бұрын көмілген көне қазына табылды. Мұндағы заттардың құны бір миллион доллардан асады деп хабарлады жергілікті ақпарат құралдары, деп жазды centralasian.org.

Қазынаны Өзбекстан ұлттық университетінің ғалымдары қазба жұмыстары кезінде тапқан. «Ғимарат 1870 жылы тұрғызылған. Оның жертөлесінің астында тағы бір бөлме бары анықталды. Оған кіретін есік 80 жыл бұрын көміліп қалып, қазына көзден тасада ұзақ жатқан», – делінген хабарламада.

Көне заттардың ішінде ерекше өнер туындылары, алтын және күміс монеталар, үй жиһаздары, XIX ғасырдың ескі сурттері мен иконалары, бағалы металдардан жасалған бұйымдар бар.

Жәдігерлер арасында 1918 жылғы Ташкент сарайының князі Романов коллекциялары, өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары Ташкентке Еуропадан, Санкт-Петербугтен келген ғалымдар мен ауқаттылардың заттары, сталиндік репрессия құрбандарының бұйымдары, генерал Жорабек үйінен жоғалған заттар бар.

Көне мұралар арасынан XII – XVII ғасырлардағы танымал өзбек ойшылдарының осы уақытқа дейін жоғалған деп саналған ондаған қолжазбалары шықты.

Back to top button