Үндістанда ызғарлы ауа райы халықты әбігерге салды

Үндістанда ызғарлы ауа райы халықты әбігерге салды

Үндістанда ызғарлы ауа райы халықты әбігерге салды
ашық дереккөзі
Үндістанның солтүстігінде күн суытып, Гималай тауларымен шектесетін Ладакх аймағында ауа температурасы түнде 17 градусқа дейін төмендеді, деп хабарлайды «Хабар 24». Суыққа бойы үйренбеген жергілікті халықтың жағдайы мүшкіл. Орталық жылыту жүйесі болмағандықтан, тұрғындар далада от жағып, жылынуға мәжбүр. Айта кетерлігі, жыл басынан бері Үндістанда жүзден астам адам қара суықтан көз жұмды. Синоптиктердің болжамы бойынша ызғарлы ауа райы елдің солтүстігінде ғана емес, шығысы мен орталығына да тарайды. Қара суық елдің астанасы Нью-Делиге де келіп жеткен.