Жұма, 30 Қыркүйек, 2022

Үздік кітаптар қойылған көрме

«Нұр Отан» партиясының «Қазақстан кітапханалары – заманауи білім орталықтары» атты жобасын жүзеге асыру барысында Қазақстанның Ұлттық кітапханасында әлемнің үздік кітаптарының көрмесі өтті.

Көрмеге келген оқырмандарға тек әйгілі классиктердің шығармалары ғана емес, сонымен қатар, Роберт Гриннің «Табыс шеберлері. Билік пен бизнес туралы диалогтар», Ричард Докинздің «Білімге құмарлық», Макс Фрайдың «Сары металдан жасалған кілт», Халед Хоссеймидің «Желден тыс жүгіретін» сынды басқа заманауи кітаптар да ұсынылды.

«Адам капиталының сапасын арттыру – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қойылған басты міндет. Қазақ-станда білім орталықтары көп болуы тиіс, онда еліміздің әрбір азаматы тек білім алып қана қоймай, олардың ең үздік көздеріне ие бола алады», – деп атап өтті Ұлттық кітапхананың көрме және мәдени бағдарламалар қызметінің жетекшісі Жанар Әбдікерімова.

Ұлттық кітапхана түрлі оқу орындарымен ынтымақтастықты дамытып қана қоймай, өзіндік мәдениетін, тарихи тәжірибесі мен дәстүрлерін сақтау арқылы қазақстандық жастардың санасы мен ойлауының жаңа моделін қалыптастыруға ниет білдіруде.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button