5 Желтоқсан, 22:40 123 0 Нұр Отан Әсел ӘНУАРБЕК

Егемен елдің айтулы мерекесі

«Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орай Ақмола облысының жоғарғы білім беру ұйымдарында Жастар сессиясы өткізілді. Бұл жолғы Жастар сессиясы Тұңғыш президент күніне арналды.

Мәдени шараны өткізудегі басты мақсат – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қазақ мемлекеттілігін құрудағы рөлін, егемен Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде даму жолына қосқан жеке үлесін, сондай-ақ, Елбасының қоғамдық сананы жаңғырту бағытындағы бастамаларын жастардың санасына сіңіру.

Жиын барысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев туралы бейнефильм көрсетілді. Аталмыш шараға Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-дің проректорлары, факультет декандары, бөлім жетекшілері және оқытушы-профессорлар мен студент-жастары, сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы қызметкерлері, Қазақстанға еңбек сіңірген қоғам қайраткері, жазушы-драматург, «Ақмола – Тіршілік» ЖШС бас директоры Жабал Ерғалиев, Ақмола облысы жастар саясаты басқармасының басшысы Тимур Ысқақов қатысты.

Саяси іс-шараның шымылдығын Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің әлеуметтік және мәдени даму жөніндегі проректоры Аманбай Сейітқасымов кіріспе сөзбен ашып, ұстаздар мен студенттер қауымын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады.

Сондай-ақ, Аманбай Асылбайұлы егемен еліміздің айтулы күніне айналған осынау мерекенің маңыздылығына тоқталды. Жастар сессиясына арнайы келген жазушы-драматург Жабал Ерғалиев Елбасының білікті саясаткерлігіне, Қазақ елінің тәуелсіздік алғаннан бергі даму барысына тоқталып, Елбасы тарихы, ел тарихымен тығыз байланысты екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, Президентіміздің қазақстандық жастарға үлкен үмітпен қарап, сенім артып отырғанын айта келіп, білім ордасындағы студент-жастарды сапалы білім, жақсы тәлім-тәрбие алып, ел игілігіне жарайтын білікті маман болуға шақырды.

Маңызды шарадан «жасотандықтар» да шет қалмады. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің жанынан құралған «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы Құрманбек Әділет сөз алып, жастардың ел дамуына қосар үлесінің маңыздылығын баяндады.

Соңғы жаңалықтар