5 Желтоқсан, 22:37 140 0 Нұр Отан Әсел ӘНУАРБЕК

Тұрғын үйге талап қатаң

«Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық мәслихатындағы  депутаттық фракциясының «ТКШ, және жылу желілерін жаңғырту,  тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту мен халықтың тұрғын үйге  қолжетімділігін арттыру» комиссиясы «Нұрлы жер» бағдарламасы  бойынша салынып жатқан жаңа үйлер құрылысына кезекті рейд  жүргізді.

Рейд жұмыстары Қостанай қаласының «Әуежай» және «Юбилейный» шағын аудандарындағы көппәтерлі тұрғын үйлерінен басталды. Тексеруге аталмыш комиссияның төрағасы Самат Ақышев, депутаттық фракция жетекшісі Екатерина Смышляева, Қостанай қалалық құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі Сәлима Нысанбаева, комиссия мүшесі, «Спецтехмонтаж» ЖШС директоры Владимир Сорокин қатысты.

«Нұрлы жер» бағдарламасының іске асуы толығымен партияның  бақылауында. Осыған сай көшпелі рейд осы бағдарлама бойынша салынып  жатқан нысандарда болып, жұмыс барысында туындаған түйткілдерді талқылауға бағытталған. Мұндай рейдтер ай сайын өткізіліп тұрады», – деді  «Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық мәслихатындағы депутаттық фракциясының жетекшісі Екатерина Смышляева.

Сол сияқты қалалық құрылыс бөлі­мі­нің өкілдері «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қаржылардың қалай пайдаланылып жатқандығы туралы түсініктеме берді.  «2018 жылы халықтың әлеуметтік әлсіз топтары үшін арендалық тұрғын үйлер құрылысына 1,5 млрд. теңге бөлінген болатын. Есепті кезеңде жоспарланған 5 үйдің 264 пәтерлі 4-еуі салынып бітті.  Сонымен бірге «Юбилейный» шағын ауданындағы жалпы аумағы 3 мың шаршы метр болатын 45 пәтерлі үй 16 желтоқсанға дейін тапсырылады. Үстіміздегі жылдың 10 айында жалпы аумағы 64,1 мың шаршы метрлік 17 үй  (942 пәтер) салынып, тапсырылды, ал жыл аяғына дейін тағы да аумағы 23,6 мың шаршы метр, 295 пәтерлік 3 үй тапсырылады. Оның сыртында осы  жылы несиелік 20 үйдің құрылысы аяқталып, 2019 жылы тапсырылуға тиіс көлемді қамтамасыз ету мақсатында жаңадан 19 үйдің құрылысы басталмақшы», – деді қалалық құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі Сәлима Нысанбаева.

Рейд қорытындысы  бойынша бағдарлама әкімгерлеріне ұсыныстар мен кеңестер берілді.

 

Соңғы жаңалықтар