5 Желтоқсан, 10:48 169 0 Сыртқы саясат Назым Тойлыбаева

АҚШ пен НАТО Ресейді келісімді орындауға шақырды

НАТО мен АҚШ Ресейді жақын және орта қашықтықтағы зымырандарды жою туралы келісімшартты орындауға шақырды, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Егер 60 күннің ішінде талап орындалмаса, АҚШ келісімнен бас тартады. Ал НАТО бірлескен мәлімдеме жасап Мәскеуден шартты сақтауды сұрады. Солтүстік Альянстың айтуынша, Мәскеу келісімге қайшы 9М729 зымырандық жүйені іске қосқан. «Мұндай қадам еуроатлантикалық қауіпсіздікке нұқсан келтіреді», – дейді Альянс. Бірақ Ресей айыпты жоққа шығарып, АҚШ оны өзі бұзып отыр деген ұстанымда.

Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп та 1987 жылы қабылданған Жақын және орта қашықтықтағы зымырандарды жою туралы келісімшарттан шығатынын мәлімдеген. «Себебі, Ресей тарапы құжаттағы талапты орындамай отыр», – дейді Ақ үй басшысы.

«Ресей тарапы келісімшартты сақтауы тиіс. Біз Мәскеуге барлық талапты орындап отырғанын дәлелдеуге соңғы мүмкіндік береміз. Болашақта түрлі жағдайға тап келуіміз мүмкін. Сондықтан әлем мұндай құжатсыз өмір сүруге дайын болуы қажет», – дейді НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг.

 

Соңғы жаңалықтар