3 Желтоқсан, 12:15 163 0 Аймақ Назым Тойлыбаева

«Барысқа» әлемдегі ең ұзын хоккейшілердің бірі келді

«Барысқа» әлемдегі ең ұзын хоккейшілердің бірі, швециялық Виктор Сведберг алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордалық «Барыс» хоккей клубының сайтынан мәлім болғанындай, 1991 жылғы В.Сведбергпен осы маусымның аяғына дейін келісімшартқа қолқойылды.

Бұрын ҚХЛ-да өнер көрсетпеген қорғаушының бойы -2 метр  4 сантиметр, салмағы 108 келі.

В.Сведберг Швецияның «Рёгле» клубында спорттықжолын бастаған. Сондай-ақ «Фрёлунда» құрамында ойнап көрген. Биылғымаусымды «Линчёпинг» командасында бастаған Виктор Сведберг Ұлттықхоккей лигасының да дәмін татқан. Соның ішінде 2015-2016 жылдары «ЧикагоБлэкхоукс» құрамында 30 кездесу өткізіп, 4 ұпайға (2 гол+2 пас) ие болған.

Швециялық хоккейші 2013-2018 жылдары барлығы 269матчқа қатысып, 82 ұпайға (14+68) қол жеткізген.

Еске сала кетейік, кеше астаналық «Барыстың» өз айдынында Найджел Доустыңкомандасына есе жібергенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар