6 Қараша, 12:30 292 0 Жаһан Назым Тойлыбаева

Грузия елімізге 20 жыл бұрынғы қарызын қайтарды

Грузия елімізге берешек 11  млн доллардан астам қарызын өтеді. Қаржы министрілігінің мәліметінше, берешек қарыз 27 миллион долларды құрайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Келісім бойынша ресми Тбилиси аталмыш қаржыны 2025 жылға дейін төлеп бітуі тиіс. Грузия билігі бұл қарызды осыдан 20 жыл бұрын алған еді. Ал оны қайтаруға байланысты келіссөздер 2001 жылы басталып, 2016 жылы бірақ аяқталған. Бұл ретте еліміз қарызды қайтаруда қарсы тараптың шарттарымен келісті. Уағдаластық бойынша грузиндер берешекті 7 жылдың ішінде қайтаруы тиіс. Министрліктің хабарлауынша, бүгінгі таңда Қазақстанға тек Грузия ғана берешек.

 

Соңғы жаңалықтар