Палу қаласының қасіреті

Сондай-ақ!

БАҚ: Джо Байден – АҚШ-тың сайлау тарихында 80 млн дауыс жинаған алғашқы үміткер

Демократ Джо Байден АҚШ-тағы президент сайлауы тарихында 80 миллион дауыс жинаған алғашқы кандидат атанды. NBC телеарнасының есебінше, Байден  80 013 916 дауыс, ал Дональд Трамп...

4,6 миллиард адамның өмір бойы жиған дәулеті санаулы миллиардердің байлығына жетпейді

Жақында Oxfam ұйымы қызық статистиканы жариялады. Дүние жүзіндегі 4,6 миллиард адамның қаражаты 2153 әлемдік миллиардердің дәулетіне жетпейді. Тіпті олар  күніне 10 мың доллардан ғұмырының...

Мәжіліс Азия даму банкінен 1,5 млрд теңге несие алуды мақұлдады

Қазақстан COVID-19 пандемиясымен күресу және келесі жылғы бюджет тапшылығын қаржыландыру бойынша Азиялық даму банкі мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен 1,5 млрд теңге несие алады....

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 59 миллионнан асты

Әлемде COVID-19 індетін жұқтырғандар саны 59 168 889-ға жетті. Джонс Хипкинс университетінің соңғы дерегі осындай.  Университет мәліметінше, пандемия басталғалы індеттен 1 396 359 адам көз...

Индонезияда арты цунамиге ұласқан жер сілкінісінен көз жұмғандар саны 1 мың 944 адамға жетті. Жергілікті БАҚ құралдарының мәлімдеуінше, қаза тапқандардың көбі Палу қаласының оңтүстігіндегі сазға көміліп қалған. 5 мыңға жуық адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Индонезия билігі құтқару жұмыстарын қазанның 11-іне дейін жалғастырмақ. Сол себепті қайтыс болғандардың саны артуы мүмкін. Индонезия Тынық мұхитындағы от шеңбері деп аталатын аймақта орналасқандықтан, тектоникалық плиталардың қозғалысы жиі байқалады. Жыл сайын сейсмологтар 4 балдан асатын 6 мыңдай жер сілкінісін тіркеп отырады.

Индонезиядағы Сулавеси аралында магнитудасы 7,5 балды құраған екі жер сілкінісі болып, апаттан кейін Палу қаласына 6 метр биіктіктегі цунами төнген. Бұған дейін жергілікті билік өкілдері қателесіп, цунами қаупі туралы хабарламаны қайтып алған. Нәтижесінде, 2 мыңға жуық адам мерт болып, апат аймағында 1,6 млн адам қалып қойды. Палу – Сулавеси бойынша ең қатты зақымданған өңір. Палу қаласын басқан цунами қаланың түгін қалдырмай, жуып-шайып кеткен. Алып ғимараттар, ауруханалар, мектептер, сауда орталықтары мен эпицентрден 80 метр қашықтықта орналасқан мешіттен де түк қалмаған. Іздестіру жұмыстары әлі де жалғасуда. Құтқарушылар адамдардың өлі денелері салынған қаптарды ауруханаға әкеліп үлгермей отыр.

Индонезия халқын әбден әбігерге салған зілзала кесірінен 100-ден астам адам абақтыдан қашып кеткен. Ресми дерекке сүйенсек, олардың мұндай қадамға баруына түрме басшысының жер сілкінісінен зардап шеккен туыстарын іздеуге рұқсат бермеуі түрткі болған екен. Сондай-ақ, бас бостандығынан айырылған 342 кісі абақтыға өрт қойған. Қашып кеткендерді ұстауға 100 полицей жұмылдырылды. Ал өрт сөндірушілер жалын шарпыған ғимараттағы отты әрең ауыздықтады.

«Жұт жеті ағайынды» дегендей, жойқын жер сілкінісі жайпап өткен Индонезияда енді жанартаулар оянып жатыр. Тернате аралында Гамалама жанартауы атқылап, одан шашыраған күл 250 метр биіктікке дейін жеткен. Құзіретті органның мәлімдеуінше, жанартаудың атқылауына дейін аймақта 8 жер дүмпуі тіркелген. Бұған дейін Сулавеси аралында Сопутан жанартауы атқылаған еді. Осыған байланысты жергілікті билік тұрғындарды қауіпті аймаққа жақын бармауға шақырып отыр.

Индонезияда орын алған жағдайдан кейін өзге мемлекеттер бірден қол ұшын созып, көмектесуге кірісіп кетті.  Франция да Индонезияға жер сілкінісі мен цунамидан келген зақымның орнын толтыруға көмектеспек. Бұл туралы Франция президенті Эммануэль Макрон мәлімдеді. Ол сондай-ақ, қайғырып табиғи апаттан қаза тапқандардың жақындарына, көңіл айтты. Сулавеси өңіріндегі ең қатты зардап шеккен Палу қаласына Индонезия президенті Джоко Видодо барды. Мемлекет басшысы жергілікті тұрғындармен тілдесіп, құтқарушыларды күндіз-түні тоқтамай жұмыс істеуге шақырды. Сонымен қатар, ол азық-түлік таратуға да қатысты. Зардап шеккен тұрғындарға қажетті заттар мен дәрі-дәрмек президенттік ұшақпен жеткізіліп жатыр. «Бұл – Ломбоктағы сияқты төтенше жағдай. Жолдар қирап, әуежай жұмыс істемей тұр. Электр станциясына айтарлықтай зақым келген. Жанармай жеткізу де мүмкін емес. Дегенмен жанармайды тасымалдауды бастаймыз. Қажетті құрылғылардың барлығы жеткізіледі. Сондай-ақ, азық-түлік пен таза су да әкелеміз», – деді Джоко Видодо.

Ресей Федерациясы Ил-76 ұшағымен Индонезияға гуманитарлық көмек жекізді. Ресейлік құтқарушылар шатыр, жамылғы көрпе, су тазартқыш құрылғы және жылжымалы электростансаларын алып келген.

Зілзала зардабын шеккен Индонезияға БҰҰ мен Канада да қаржылай көмек көрсетпек. БҰҰ-ның арнайы қорынан 15 млн доллар, ал премьер-министр Джастин Трюдо 1,5 млн АҚШ долларын бөледі. Қаражат зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсететін ұйымдарға беріледі. Жер сілкінісі мен цунамиден 66 мың тұрғын үй, жолдар мен көпірлер қираған. Қазір 2 млн-нан астам адам гуманитарлық көмекке зәру. Аралға су, азық-түлік, жанар-жағармай, медициналық қызметкерлер мен шатыр жетпей жатыр.

Ал АҚШ-тың көмегінен Индонезия бірден бас тартып, шетелдік ұшақтардың Палу қаласына қонуына тыйым салған.

P.S. Жайшылықта жақынынан көмегін аямайтын біздің ел алыс болса да, діні бір мұсылман Индонезия еліне көмектесті ме? Әзірге ол жайында ешқандай ақпарат жоқ. Ал мұсылмандықтың басты белгісі – апатқа ұшыраған, қиыншылықты бастан кешкен бауырға тездетіп көмектесу емес пе?!

Редакция таңдауы

Сапарғали Бегалин − жас ұрпақтың сүйікті жазушысы

ХХ ғасырдың басында дүниеге келіп қилы кезеңдерді бастан кешкен, солай болса да бар өмірін сөз өнеріне арнап өткен Сапарғали Ысқақұлы Бегалин әдебиеттің көптеген жанрларында...

Қазақ каскадері «Таурус» сыйлығын алды

Nomad Stunts каскадерлар тобының негізін қалаушы, каскадер, актер Жайдарбек Күнғожинов Әлемдік каскадерлар академиясының (АҚШ) «Таурус» премиясын жеңіп алды. Жайдарбек Күнғожинов каскадерлар арасында «Оскар» сыйлығына теңелетін...

Біреуге ақыл, біреуге ақша керек

Қазір мобильді құрылғылар мен әлеуметтік желі өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. Биыл әлемде 4,5 млрд адам интернетке жүгінген. Қазіргі таңда жер бетіндегі халықтың жартысынан...

Арғынбек Шегебай: Facebook қызметкерлері Цукербергке сын айта алады

2004 жылы Гарвард университетінің бір топ студенттері ойлап тапқан Facebook желісін бүгінде күн сайын дүниежүзі бойынша екі миллиард жеті жүз миллионға жуық қолданушы пайдаланады....

Қазақстанның гуманитарлық көмегі Қырғызстанға жетті

Қазақстаннан гуманитарлық көмек ретінде жіберілген медициналық бұйымдар мен жабдықтар бүгін Бішкекке жеткізілді....

Коронавирус қай мамандық иелеріне ерекше қауіп төндіретіні анықталды

Коронавирус парфюмерлер үшін неліктен аса қауіпті және олардың тәжірибесі өзгелерге несімен пайдалы...

«Басын кесіп алған»: Шымкент тұрғынын қатыгездікпен өлтірген күдікті ұсталды

Шымкентте "Қайнар бұлақ" тұрғын үй массивінің тұрғындары бұталардың арасынан басы кесілген ер...

«Самұрық-Қазына» әлемдегі ең тиімді қорлардың ондығына кірді

«Самұрық-Қазына» қоры әлемдегі ең тиімді қорлардың ондығына кірді, деп хабарлайды samruk-akparat.kz. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ»...

«Қашағаннан» төрт жылда 50 млн тонна мұнай өндірілді

Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы «Қашаған» кен орнынан төрт жылда өндірілген мұнайдың көлемі...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...