9 Қазан, 15:59 564 0 Қауіпсіздік Назым Тойлыбаева

Мәскеу полициясы жұма намаз кезінде мешіттерде рейд өткізеді

Мәскеуде еңбек мигранттарын жұма күндері ұстау тәжірибесін бірнеше жылдан соң қайта бастады, деп хабарлады Настоящее Время тілшісі. Рейдтер өткен аптада басталды, деп хабарлайды centralasian.org.

Мешітке келген адамдарды жақын маңдағы полиция бөліміне жеткізіп жатыр.

Ұсталғандардың бірі - Рустам ешқандай хаттама толтырылмағанын, қол қоюға ешқандай құжат ұсынбағанын айтты. Оны полиция автобусында бірнеше сағат ұстап, одан соң бөлімге жеткізген, суретке түсіріп, саусақ таңбаларын алған. Одан соң босатып жіберген.

Мешіт маңындағы рейдтерін полиция бірнеше жыл бойы жүргізбеген.

Заңгерлер бұның заңсыз екенін мәлімдеп үлгерді. "Күдік туғызбайтын кез келген адамға барып, оның құжатын тексеруге болмайды. Бөлімде бұл жағдайға қатысты хаттама толтырылуы тиіс", – деп есептейді адвокат Рахман Агайгелдиев.

Соңғы жаңалықтар