Оралхан Бөкей еске түскендегі елес пен ойлар

Өткен жылы  «Егемен Қазақстан»  кітапханасының сериясымен Қазақстанның Халық жазушысы,  Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Шерхан Мұртазаның «Намыс найзағайы»  атты жинақ кітабы жарық көріп, оқырмандарға жол тартты. Осы газет бетінде он жыл бедерінде жарық көрген «самородный сары алтын» (Абай) сырлар. Әрбір ұлтжанды азамат, кәсіби журналистің  жазу үстелінде, ол ол ма, әр қазақтың төрінде тұруға лайықты кітап.

Небәрі 1500 данамен шыққан  жазушының жанайқайы  қазақтың әрбір өренінің  намысын қамшылауға тиіс өнегелі сөзі кімге, кең байтақ Қазақстанның  қай қиянына жетсін, қайсы түкпіріне тарасын? Әттең… 

Кілтипан айтулы газеттің кітапханасында емес, айып ай мен күннің аманында кітап оқудан басын ала қашқан тоғышар қоғамда, кітапқа құрмет танытылмайтын безбүйрек заманда. Әттең…

Осы жинақтың  орта тұсында «Оралхан» деген атпен «Егемен Қазақстан» газетінде осыдан 20 жыл бұрын жарияланған мақала оқырманға жол тартыпты: алдағы 40 жылда да, 60 жылдан кейін де жүрегі нәзік әрбір кісі көзін жасқа шылап отырып оқитын шерлі жазба.

Ұстаздың шәкіртіне сүйсінуі, шын дарынның қайталанбас талантқа қамқорлығы, қос қаламгердің бір-біріне шексіз құрметі… Кейінгілер үшін үлгі, алдағы уақытқа аңыз болып тарқатылар шындық. Бұл – тайқы маңдайға сыймай кеткен талантты асқақтату. Бұл – ағаның ізіне ерген інісін жоқтауы. Заңғар жазушы Шерхан Мұртазаның қаламынан туған «Оралхан»  мақаласын қалың қазақпен қайта қауыштырғымыз келіп еді.

Редакциядан

Өр Алтайдың Катон-Қарағайына бардым. Бірінші рет барсам да бәрі маған бұрыннан таныс сияқты көрінді: асқар таулар, жан-жағын қоршаған ойпаңды қақ жарып, ақ көбік шашып, арқырап асау өзен ағып жатыр. Биіктен-биікке өрмелеген самырсын, балқарағайлар.

«Сен кімсің, қайда жүрсің?» дегендей төбеден қайта-қайта айналып ұшқан тастүлек қыран.

Қарағайлардың арасын сатырлатып, үрке қашқан бұғылар.

Қия бетте текшеленген пішен маялар.

Мұның бәрі маған бұрыннан таныс. Бірақ көріп тұрғаным тұңғыш рет.

Басына сәлде ораған Мұзтау. Алыстан сұсты көрінеді. Ол кейде адамға ұқсайды. Әлдекімге, маған таныс адамға ұқсайды. Мұзтау қимылдағандай, басын кегжиткендей болады. Кесірлене, кекірейе қалады. Кейде шалқып, шалқалап, сақ-сақ күледі.

Лезде жаңбыр жауып, лезде ашылады.

Дүркірей өскен зүмірет шөп біткен, қарағай қылқандары гауһар тамшыдан моншақ тағып, бұлт арасынан шыға келген күн нұрына шағылысқан тамшы-моншақтар сансыз түрлі бояумен құлпырып, құбылып, сәулелі музыка сыңсып тұрады.

Осыдан кейін ақыл-ойың қалыпты әдетінен өзгеріп, өзін-өзі емес, өзге адамға айналып кеткендей шалық сезімге бөленген. Сонда Хақ-Тағала, Шын Құдірет мекені осы екен деп қаласың.

Ал әлгі Қыран әрі-сәрі болып тұрған сенің төбеңнен зау биікте асықпай айналып ұшып, ар жағыңнан бір қарап, бер жағынан бір қарап: «Сен қайдан жүрсің? Не іздеп жүрсің?» дегендей, жалықпай қалықтайды.

– Оралханның елу жасқа толған торқалы тойына келдім, – дедім аспанға қарап.

Оралханға арнап ас беріледі.

Ол елуге сәл-пәл жеткен жоқ деді аспан.

Өзім басқаратын газетте оқта-текте «О.Бөкеев» деп қол қойған очерктер жарияланады. Ә дегеннен назар аудардым. Автор аз ба, тәйірі.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен, тіпті басқа республикалардан, тіпті шетелдерден жазып жататын қаптаған авторлар.

Кейде бөлімге айтып, поштаны өзім шолып шығамын. «О.Бөкеев» деген қолы бар семіздеу конвертті бөлек алып, ішіндегіні оқып шықтым.

Қолы қисықтау, қияңқылау көрінеді. Жазуын айтамын. Адамның жазуында да мінез бар. Жазуына қарап, сөзіне, сөйлеміне қарап, бұл хаттың авторын көз алдыма келтірмекші болдым.

Алдымен өзім бұрын бірде-бір рет көрмеген Алтай тауы келді көз алдыма. Бұрын көрмеген дүние көз алдыңа қалай елестейді? Сөйтсем, аты, даңқы жер жарған Алтай тауын автор мына конверттің ішіне сыйдырып жіберген екен.

Бірақ автордың өзін елестете алмадым. Көрейін дедім. Орынбасарым Тельман Жанұзақты шақырып алып, конвертті ұсындым:

– Мынау адамды шақырт. Келсін. Командировка редакцияның есебінен,– дедім.

Тельман көркем жігіт еді. Ентігіп дем алатын. Сұлулана жымиды.

– Байқаған екенсің ғой, – деді.

Арада шамасы жарты ай өткенде Тельман кабинетке бір жап-жас жігітті ертіп келді. Сұлулана жымиып:

– Мынау өзің айтқан… – дей бергенде,

– Айтпай-ақ қой, таныдым, – деппін.

Әлгі жігіт босаға жақта сазарыңқырап, басын бір кегжең еткізген кезде толқын-толқын болып иығына дейін төгілген қара шашы желп-желп ете қалды. Көзі аш қасқырдың көзіндей екен.

Мен қашан отыр дегенше кекірейіп тұрды да қойды.

Мойынқұмда мен де болғанмын. Малшылардың арасында апталап жүргенім бар. Әсіресе бір көрініс көз алдымнан кетпейді. Қойшының үйіне бір «Уазик» жын қаққандай құтырына келіп, үйдің көлеңкесінде жатқан ақ ешкі қашып үлгергенше басты да кетті. Жамбасы қираған ешкі пышаққа ілінді. Жаңа туған лағы жылады да қалды.

Келген ферма бастық екен. Управляющий. Удай мас. Рульде өзі.

Осы оқиғадан бастап қойшы тұрмысынан, құм өмірінен бір повесть жазбақшы болдым. Бастадым да …

«Лениншіл жасқа» қызметке жаңадан келген Оралханды Мойынқұмға командировкаға жібердім.

Газет жұмысы – бір жағынан жазушының досы. Ел көресің, жер көресің, сан түрлі адамдармен кездесесің. Шығармаға жем табылады.

Газет – бір жағынан жазушының жауы. Ойыңда жүрген, көкірегіңді кернеген дүниені алаңсыз отырып жаза алмайсың. Ұдайы оттың ішінде жүресің. Түнде де тыным жоқ. Газет кеш шығады. «Халыққа бір тиын пайдасы жоқ, күнде бас қосқан жиын болады». Өл-тіріл, сондағы баяндаманы, бастықтардың көпірме сөздері таңертең газеттің бетінде болуы керек. Әйтпесе, басың кетеді. Сөйтіп жүріп мен бастап қойған повесімді аяқтай алмадым.

Ал Оралхан сол сапардан біраз жыл кейін «Құм мінезі» деген повесть жазды. Міне, жазу! Жазсаң – осылай жаз. Әйтпесе, кінәсі жоқ ақ қағазды шимайлап, былғама. Он күндік сапарда бұрын өзі көріп-білмеген жердің тамырын басып танып, сол құмдағы адамдардың мінез-құлқын, психологиясын, тұрмысын, жүріс-тұрысын, ең бастысы – жанын ұғып-білу – жаратылыстан дарын иесіне ғана дарыған.

Әйтпесе, сол құмда мен де талай рет болдым ғой. Иә, кәдімгі бұйығы бұғып жатқан бұйра құм. Сексеуілі, шөбі, қояны, қырғауылы. Шопан үйі, қойы, иті, т.б.

Ал Оралханның көзімен қарағанда, мен бұл құмды өлкені тұңғыш рет көргендеймін. Құмға жан біткен. Құмға мінез біткен. Құм момақан екен. Құм дүлей екен. Құм әнші екен. Құм күйші екен. Құмда да қуаныш, Құмда да мұң болады екен. Әдебиет пен әуен – егіз. Әуені жоқ, жүрегінде жыры, музыкасы жоқ әдебиет – көркем әдебиет емес.

Әттең, мен қалай байқамағанмын. Ауданнан, совхоз орталығынан ілесе келген үлкен-кіші бастықтармен ет жеп, коньяк ішіп, карта ойнап, қырғауыл атып жүріп, қалай байқамағанмын.

Сөйтсем, құмның іші жақсылыққа да, жамандыққа да, адалдыққа да, арамдыққа да толы екен.

Оралхан Барханы (қойшы) өмір бойы әділетсіздікке ұшырап, өз ісіне пәруана берілген өлермендігімен совхоз малын бір қылшығынан түсірмей, жылда-жылда өсірген үстіне өсіре берсе де, тым болмаса аудандық газетте бір аты аталмапты ғой. Бір жайдақ медаль да бұйырмапты.

Ал Сейітқұл (қоңсы қойшы) жылда бұдан жылу сұрап, қозысына қозы қосып алады да, озат шопан атанып, республикалық газеттердің бетінен түспейді. Желқұйын журналистер кімнің кім екенінің парқын білмей, бастық кімді мақта десе, көбік сөзді көпіртеді-ай келіп.

Сонда Бархан есі ауысқан біреу емес, есі-басы бәрі сау. Қанағатшыл. Адал. Тәубешіл. Бірақ, әділдік бар емес пе. Ол қайда? Шортанбай бабасы айтқан жоқ па:

Сұғанақ болып ұрынба,

Сыбағаң болса – тұрып ал! – деп.

Сыбаға қайда?! Ол мұны біледі. Кейде кеудесін ыза кернеп, тіпті құмның үстінен зау биікте ұшып бара жатқан зымыран самолетке тас лақтырғысы келеді.

Аспанда ұшып бара жатқан самолетке ызадан тас лақтыру тек Оралханның ғана ойына келуі мүмкін.

Он мың метр биіктікте кетіп бара жатқан самолетке дені дұрыс кісі тас лақтыра ма?!

Сөйтсе мұнда мән бар екен. Бархан үшін упрдан (управляющий) бастап, зоотехник, директор, парторг, аудан, облыс, республика, Одақ басшыларының бәрі биік. Бәрі зау биікте.

Оралхан: «Биіктен қараса не нәрсе кемшіліксіз, әдемі болып көрінеді білем. Сондықтан да мені байқамайды екен-ау?». («Құм мінезі») – Барханның аузына осы сөзді салады.

Міне, мәселе қайда жатыр. Басшы болсаң, әділ болсаң нағыз еңбекшінің жанында жүр. Көр өз көзіңмен, кім пәруана, кім жалқау. Кім ауырдың үстімен, кім жеңілдің астымен жүретінін. Көр. Біл. Әділеттік сонда орнайды. Әйтпесе, Сейітқұл қойшы сияқты бастық атаулыға қой сойып, арақ беріп, пара беріп, өтірік өсіп жатқандар аз ба? Ал бұл арамдық Барханның мінезінде жоқ. Болмайды да. Ондайларды басшылар жақтырмайды, қаламайды, өсірмейді.

Оралханның осыны жазғанына отыз жылға таяп қалса да бұл сұмдық дәл қазір бар емес пе? Қайта дами түскен жоқ па? Өлмейтін сөз осылай өрбиді.

Жазушы – халықтың ар-ожданы дегенде, міне, осындай жазушыны айтады. Жата қалып, жанталасып көсемдерді мақтай беретін жазушы – жазушы емес, күнбағар. Ертең көсемдер тағынан тайған кезде сол күнбағар олардың артынан тас лақтырып, жамандап шыға келеді. Ақылды басшы осыны ойлайды. Құр мақтауға күмпие бермейді. Ақылды басшы көпшілікті соңымнан ертем десе, көпшілік арасындағы күнбағардан аулақ жүреді.

Қайран Орекем осы философияны айтып отыр. Әттең, дәл осы заманда тірі болса, жанға дәру сөздердің көкесін енді айтар еді. Шындықты жазған жазушының шығармасы – қоғамның шипагері. Маман дәрігер жеке-жеке адамды аурудан сауықтырса, шын жазушы қоғам ауруын таниды. Жазады, таниды дегенде қолма-қол емес, адамдардың жүрегіне – жігер, көзіне – нұр, көкірегіне – сәуле қосу арқылы әсер етеді.

Оралхан бұл жағынан шебер еді.

***

Алматыдан сонау Катон-Қарағайдың Шыңғыстай ауылына жетудің қаншалықты машақат екенін өзім көрдім. Екі-үш жеңіл машинамен, Лепсі асып, Аягөз асып, Бұқтырманың теңізінен пароммен өтіп, Үлкен Нарынды аралап, Шыңғыстауға әрең жеткенбіз. Тағы да болса, бір қора жанбыз. Оралханмен тұстас, туыстас, бауыр болып кеткен, «Лениншіл жаста» (қазіргі «Жас алаш») бірге қызметтес болған, бір кездегі кілең жас өрім, қазіргі белді-белді жазушылар: Кәрібай Ахметбек, Бексұлтан Нұржекей, Ақселеу Сейдімбек, Кәдірбек Сегізбай, Қуанышбай Құрманғали, Серік Әбдірайым, Әлібек Асқар, Дидахмет Әшімхан, кекселерден кәдімгі Қалихан Ысқақ және мен. Ептесіп-септесіп жеткенбіз. 1994 жылы жазда. Сапар себебі: бір жағы – Оралханның елу жылдығы, бір жағы ас.

Ал енді жалғыз ұлдың, зарығып жүріп, төрт қыздан кейін көрген жалғыз ұлдың ат жалын тартып мініп, Алматыда қызмет етіп, атақты жазушының үйі атанған мекеніне бір бару әке мен шешеге бір арман еді. Сол арманға әке жетті, ана жете алмады. Себебі, жол – ақирет, самолетпен ұша алмайды…

Әкесі Бөкейді мен Оралханның Алматыдағы үйінен көрдім. Сәлемдесуге бардым. Шап-шағын шаһар кісі екен. Көп сөйлемейді, ал сөйлесе сөзі алтын жалатқан қорғасындай: әрі сұлу, әрі салмақты. Сөйлемінде қауыз-қылпық жоқ.

Ал анасы Гүлия одан да шешен көрінеді. Бірақ өзім кездесе алмадым.

Міне, осындай дүлдүлдерден туған Орекең нағыз оратор еді. Бойында баяғы би-шешендерден қалған әруақты, арқалы болмыс бар еді.

Бөкей қарт «Трудармия» дегенде болған екен. Әрине, соғыс жылдарында. Оралтау бойында болыпты. Ал «Трудармияға» алынғаннан гөрі қан майданда қарша жауған оқтың өтінде жүрген әлдеқайда артық болған деседі. Мұнда да адамдар тозақтың төрінде жүреді екен.

Бұл туралы О.Б. өзінің «Бәрі де майдан үшін» атты повесінде айтқан-ақ. Соғыста болғандар, сөз жоқ, аса ардақты. Ал тылдағылар өліп-тіріліп жанкешті жұмыс істемесе, Жеңіс қайдан келер еді?!

Міне, осы арада үлкен әділетсіздік бар.

«Трудармияны» көрмесек те, соғыс жылдарындағы ауылды көрдік. Ауыл ысырап көпірінен кем болған жоқ. Ер-азаматы соғыстағы оттың ортасында жүрсе, жап-жас әйелі ауылдағы оттың ортасында жүріп, ерте қартайды. Әлі бұғанасы қатпаған жас баланың енді-енді үрпектеніп келе жатқан қанатын жалын шарпып, ерте есейді. Ал бірақ олар соғысқа қатыспаған. Еңбек ше? Еленбейді.

Міне, осы шындықтың бар тұрпаты «Бәрі де майдан үшін» хикаясында раушан гүліндей әдемі жазылған. Раушан гүлдің барқыттай жұмсақ жапырағын рахаттана иіскей берсең, қолыңды кірш етіп тікен теседі.

Алақанның ауырғаны жүрегіңді сыздатады. Сиқырлы сөз, ауруды жазатын сөз. Қоғам дерті осындай сөзбен емделеді. Оралханның Мәншүк есімді қарындасы бар еді. Алматыдағы ЖенПИ-ді бітіріп, ауылға барып мұғалім болған. Ал енді сол Мәншүк қасиетті қара сөзге келгенде Оралханның өзін он орап алғандай еді. Ғұмыры қысқа екен. Орекеме көңіл айтуға сонда бір бардық. Артынша Айман қайтыс болды. Тағы бардық. Тағдыр шіркін бір айналдырғанды шыр айналдырады. Әкесі одан кейін анасы…

Қара дауыл дүлейленіп тұрып алды.

Оралханның оқуы да өзгеше. Университетті сырттай оқып бітірді-ау деймін. Сырттай оқитындардың, Құдай ықыласын салған Оралхан сияқты бірен-сараны болмаса, көбінің сырын білеміз ғой. Көбі мұғалім ағайлардың жемі ғой. Дипломды білімсіздер көбінесе солар.

Ал Оралханның білімі «Қызыл дипломмен» бітіргендерден көп ілгері тұратын. Бұл әңгімеде Лермонтовты жақсы көретінін айтып еді. Өйткені өзі соған ұқсайтын.

Что без страданий жизнь поэта?

И что без бури океан? – деп тақпақтағанда орыстың майталман артистерінше, бірақ өзі ерекше акцентпен, шабытпен саңқылдаған еді. Ол мұхиттағы дауылға көп ұшырады. Майысса да сынбауға тырысты. Бір қайғыдан ауыр зілмауыр жоқ. Дімкәсі болушы еді, сол үдеп өкпе ауруханасында жатқанда, Әбіш Кекілбай екеуміз бірге барып, сүйінші сұрадық. Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты болғаны үшін. Әбіш екеуміз Сыйлық Комитетінің мүшесі едік. Хабарды алғаш бізден естіді.

***

 Атақ-даңқ Оралханның ауылын жағалап жүрді. Кітаптары, пьесалары орысша аударылып, Мәскеуден де, шетелдерден де шыға бастады. Қуанбай ма? Әрине, қуанады. Дос-жарандары, құрбы-құрдастары сондайда Оралханның үйіне жиналып, аяулы жары Айман жасаған мол дастарханның басында отырады. Орекем сондайда шешіліп, көсіліп, түйдек-түйдегімен сан алуан әңгіме тиегін ағытады.

Шағын ғана кабинеттің іші – музей. Неше түрлі ескі қанжар, қылыш: әр жерде алған сыйлық ескерткіштер, баяғы бабалар дулығасы мен сауыты… Төрде керіскедей болып Алтай аюының терісі жатады.

«Лениншіл жаста» («Жас Алаш») тек қалам ұстағандар ғана емес, домбыра ұстағандар да, тәп-тәуір ән салатындар да бар. Ақселеу – домбырашы, күйші, Кәдірбек – әнші. Өзгелер де құралақан емес.

Оралхан да ән салады. Бірақ, әні көбінесе мұң сарындас болып келеді. Ал енді көркем сөз айтқанда жандырады. Бейімбет Майлиннің «Шұғасын» оқығанда арқасы ұстап, әруақ қысқандай, орнынан атып тұрып, диванның үстіне шығып кетер еді:

«… – Әуре боп неге біткен ажар-көрік…» – деп сыңсыта, баяулата бастап:

Әне, – деді жолдасым, – әне, Шұғаның белгісі көрінді. Шұғаның белгісі! – деп оң қолын қамшы ұстағандай алысқа-алысқа, қиянға сермеп, түр-түсі бұзылып:

«Әй, өзі де Шұға десе – Шұға еді-ау!..– деп аяғын мұңды сазбен, өкінішпен, өксігендей болып барып бітіретін.

Әуелде Оралхан театр институтына түспекші екен, кейін ауылдағы жағдайға байланысты ма, әйтеуір, сәті түспеген. Егер артист болғанда да, ол сол ортаны Жанартаудай жарып шығар еді-ау деп ойлаймын ғой, оның мына «Шұғадағы» кескінін көріп.

Ән-күйлі, әңгіме-дүкенді әдемі отырыс та аяқталады. Қуанышқа жиналғандар үйді-үйіне тарайды. Сонда ол Айман екеуі ғана қалады. Екеуі ғана. Отасқалы қанша жыл болды: екеуден екеу. Бала жоқ. Әлгінде ғана театрдағыдай жаз жайнаған үй енді жадау тартады. Сондайда Оралхан әлгінде аздап қана ұрттаған коньяктің әсерінен бе екен, әлде үйдің қоңылтақсып қалғанынан ба екен:

Жалғыз ұлы бардың

Шығар-шықпас жаны бар.

Екі ұлы бардың,

Өкпе, бауыр, жалы бар.

Үш ұлы бардың

Бұхарада малы бар.

Төрт ұлы бардың аспанға салған жолы бар, – дейді де, алақандарын аспанға жайып жіберіп:

– Құдай-ау, мен саған төрт ұл, үш ұл, тіпті екі ұл бер деген жоқпын ғой. Жалғыз ұлды да аядың ба? Жалғыз ұлды болып, соның тілеуін тілеп, жолында садағасы кетіп, шығар-шықпас жаным жүрсе болмас па еді, Құдай! – дегенде Айман үнсіз-түнсіз жылайды екен. Ашуланбайды, айқайламайды. Оның Құдайға айтар арызы – тек көз жасы. Ақыры опат болды. Жанын жаннаттан берсін.

Оралханның әкесі мен шешесі де төрт қыз өсіріп отырса да жалғыз ұлды армандайды екен. «Бәрі де майдан үшінді» оқыған адам мұны түсінеді.

Бір кезде «За бездетность» деген салық болды. Әрине, ондай дуайпат салықты Оралханнан ұстайды. Сонда Оралхан салықтан қалған ақшаны ұстап тұрып: – О, сығыр үкімет! Баласын қоқысқа лақтырып тастайтындарды жазаламай, мені жазалағаның неткенің? Мен балалы болмаймын деп жүр ме екенмін?! – деп ызаланушы еді.

– Жылда-жылда кітаптарын шығарады, әрбір кітабың бір-бір бала емес пе?! – деп жұбатқысы келеді сырлас досы Оралханды.

– Кітапты менің ақыл-ойым, сезімім, еңбегім береді. Ал баланы Құдай береді. Құдайдың құр қалдырғаны – қиянат емес пе?! – дейді екен Оралхан.

Ақыры Құдай оның наласына назар салып, аяса керек, кейін қосылған әйелінен бір ұл, бір қыз сүйеді: Айхан, Айжан Алла аман қойса, олар да өсіп қалды. Алды мектепке барды. Әттең не керек, бала аңсап армандаған Оралхан олардың өзін көрді, қызығын көре алмады.

***

Адамды арманына қарап тануға болады. Армансыз адам – мелшиген есек сияқты. Біреулер бай болғанды армандайды. Біреулер бастық болсам деп армандайды. Көп қой. Біреу бар: бір үзім нанды армандайды.

Ал Оралханның арманына көз салыңыз: «Жұмыр жердің бетін төрт миллиардтан астамның аяғы таптап, дүниені өз айқайларымен күңірентіп жүр. Тек жердің астындағыларда үн жоқ. Егер Құдайдың құдіретімен сол өлілер қайтып оралса, бұл жалғаннан үн-түнсіз, жым-жырт өтуді тірілерге үйретер ме еді… Бір-біріне қатты сөз айтпай, бірінің тыныштығын екіншісі бұзбай, жылқының жусағанындай, бейбіт те, берекелі өмір орнатар ма еді, қайтер еді, егер әруақтар зәуде қайтып оралса… (Шіркін-ай, қайтып оралса) дүниедегі сансыз сұмдықтың бет пердесі ашылып, біздер ұяттың отына өртеніп кетер едік-ау… («Сайтан көпір»).

Біздер, тірілер, қазір: «О, Сартр! О, Камю! О, Фрейд! О, Кафка! О! О!» – деп қалпағымызды бүктеп ұстап, бүк түсе қаламыз. Қазақтың кез келген қасиетті қара өлеңінде терең философия жатыр. Сол қазақтан туған Оралхан ой тұңғиығына сүңгігенде, інжу-маржанды уыстап-уыстап алып шығады. Шетелдік саңлақтарды сыйлау керек. Ал табыну – артық.

Ал біз барымызды бағалай алмаймыз. Оралхан дүниеден озғалы, міне, тура бес жыл болды. Кітаптары өмір сүріп келеді, өмір сүре береді. Олар: жасқа – ақыл, кәріге – қуат, бақытқа бақыт қосады, бақытсызға медет болады.

Оралхан өлгеннен кейін таңдамалы екі томдығы «Жазушы» баспасынан жарық көрді. Соны қолға алып, зер салып оқып, саралап, әлгі айтқан інжу-маржанды кітап бетінен іздеген бір ғалым, бір сыншы бар ма? Егер, өзі жазып кеткендей, о дүниеден Оралхан ғайыптан оралар болса, «Ұяттың отына өртеніп кетер» жеріміз осы.

Обалы нешік, там-тұм, тиіп-қашып жазғандар бар. Мен бұл жерде академиялық, әдеби-философиялық терең зерттеуді айтып отырмын.

Әне-міне дегенше, енді төрт жылдан соң Оралхан Бөкейдің туғанына алпыс жыл толады. «Жазушы» баспасының таңдамалы екі томдығын мына қиыншылықта шығарғаны имандылық. Ал бірақ мұның сыртында Оралхан қаламынан туған талай дүниелер жатыр. Олар да таңдамалы. Мысалы, «Қамшыгер» қайда, «Қасқа құлын», «Кербұғы», тағы басқа қайда, пьесалары, от-найзағайлы публицистикасы, очерктері қайда? Мына екі томдыққа жалғастырса, әлі екі том бар.

Оралхан ылғи күңіреніп өткен жоқ. Жайма-шуақ жарқылдап жүретін күндері де болатын. Бірақ, тағдыр тараңдығын, жарық дүние сараңдығын әлдеқалай сезетін сияқты, кейде ән салатын. Оны мен басқа ешкіммен, не радиодан, не концерттерден естіген емеспін. Тек Оралхан ғана айтар еді:

Дүние ойлап тұрсам – о-о-у, шолақ екен-а-а-й,

Қарағай басын кессе-е-е-ей, молақ екен, ахау-аха-хай.

Он бес пен жиырма бес-о-о-у, қайран отыз-а-а-ай,

Үшеуі – үш күн қонағы е-е-ей, қонақ екен, – ахау-аха-ха-ай.

Елімнің бір жайлауы – о-о-оу, Құрымбай саз-а-а-ай,

Жайлаған алты – ай жазға –е-е-ей, сары ала қаз, ахау-аха-ха-ай.

Шолпандай таң алдында – о-о-оу, туып батқан-а-а-ай,

Қайтейін, о дариға – е-е-ей, ғұмырым аз – ахау-аха-ха-ха-а-ай.

***

Оралханның өлі денесін мырыш саркофагқа салып, сонау алыстағы Үндістаннан Алматыға алып келгелі бері міне, тура бес жыл да өте шығыпты. Сол әруаққа арнап оқыған дұғам осы. Басқа не дейін.

***

Мен алпысқа толғанда Оралхан маған арнап, екі-ақ абзац сөз жазды. Бірақ сол екі ауыз сөзге ол ширек ғасыр бірге болған ғұмырымызды сыйдырып жіберді.

«Аға!» Мен сізді ешқашан да аты-жөніңізбен атаған емеспін. Ең алғаш көргеннен бастап «Аға» деп амандастым және сол 1967 жылдан бері туған ағадай шыншыл көңілмен сыйлап, құрмет тұтып келемін. Бәлкім, осынау алды мен арты айырбастала беретін алдамшы өмірде, сынаптай толқыған әрі айнығыш заманда туған ағайынымен де ат-құйрығын кесісердей дүрдараздық болар да, бірақ сіз бен біздің арамызда ширек ғасырдан бері ағалық-інілік жарастыққа жарықшақ түскен жоқ (тіл-көзден сақтасын). Мен сізді, аға, жаһандағы жалғыз ұстазым деп жар сала айтудан ұялмас едім әрі осының өзін мақтан тұтар едім.

Қарғадай кезімде «Лениншіл жас» газетінде жарияланған үш-төрт очеркімді оқып, ауылда қаперсіз жүрген кезімде республикалық басылымға жұмысқа шақырдыңыз.

Университеттің үшінші-ақ курсында сырттай оқып жүргеніме қарамастан, ең бір қиын да жауапкершілігі үлкен бөлімдерді сеніп, тапсырдыңыз. Бұдан кейін де әдебиет пен журналистикадағы соқпағы соқтықпалы кезеңдерді бірге өткізіп келе жатырмыз. Мен кейде айымыз бен күніміздің де (28 қыркүйек) дәл келуін ырымдап, жақсылықтың нышанына балаймын. Міне, сіз алпыс деген асуға шықтыңыз, төменге қараңызшы, аға, мен көрінем бе екен?» (1992 ж.).

Соңғы сөйлем… Сұрапыл сұмдық сұрақ. Төменге қараймын, енді Оралхан көрінбейді. «Шолпандай таң алдында туып батты».

Сонда… Катон-Қарағайға, Шыңғыстайға барғанда, Алқаракөк аспанда бір қыран биіктен төменге қарап, баяу қалықтап жүрді де қойды. Енді биіктеп кеткен Оралхан шығар?..

 

Шерхан Мұртаза,

Қазақстанның Халық жазушысы

«Егемен Қазақстан»,

22 мамыр, 1998 жыл

 

Редакция таңдауы

Тұрғын үй нарығы тұрақтайтын болды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мамырда жылжымайтын мүлік нарығындағы бағаның өсуі түпкілікті тоқтайтынын, бағалар тұрақтанатынын мәлімдеді. – Біз апта сайын жылжымайтын мүлік...

Жүлде қоры 11 млн. «Алтын тобылғы – 2021» әдеби байқауы жарияланды

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры  еліміздегі ең үздік жас ақындар мен жазушыларды анықтайтын дәстүрлі «Алтын тобылғы» әдеби байқауын жетінші рет ұйымдастырып отыр. Байқаудың басты мақсаты — қазіргі заманғы...

Толстой мен Прюдом. Бап шаба ма, бақ шаба ма?

Редакциядан: Амангелді Кеңшілікұлының аты-жөні әдебиет сыншысы ретінде қалың оқырманға кеңінен таныс. Сөз өнерінің ең нәзік, ең күрделі саласы әдеби сын бойынша қалам тербеп келе...

Қатыгездіктің күшеюі – қоғамның осалдығы

Адам өмірі – ең аяулы да ұлы құндылық. Өйткені жер бетін­де тіршілікке әр беріп тұрған одан асқан киелі де қа­сиетті нәрсенің өзі жоқ. Бірақ...
photo 80649

Қайыңды көлінің ортасында матраста жатқан қыз елдің ашуына тиді

Қазақстандықтар Қайыңды көлінде бейнеролик түсірді. Кадрлардан бір қыздың су артасында қалқып тұрған...
zhile

Тұрғын үй нарығы тұрақтайтын болды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мамырда жылжымайтын мүлік нарығындағы...
баспана

Қай уақытта баспана алған тиімді? – Министрлік жауап берді

Жылжымайтын мүлік нарығындағы баға 2021 жылдың жазында тұрақтануы тиіс, деп хабарлады Индустрия...

Жаңалықтар

Есіл өзенінің бойындағы 18 ауылды су басуы мүмкін

Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінің бойындағы 18 ауылды су басуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24». Қазір өңірде Сергеев су қоймасы тасып жатыр.

Мәжіліс жер туралы заңды Сенатқа жолдады

Мәжіліс ауылшаруашылығы жерлерін шетелдіктерге жалға беру мен сатуға тыйым салатын заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Atameken Business.  Тарихи құжат осылайша Сенат қарауына...

Өткен тәулікте 2 641 адамнан коронавирус анықталды

Елімізде өткен тәулікте 2 641 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР тест арқылы анықталды, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия. Өңірлер бойынша мәлімет: Нұр-Сұлтан қаласы - 650, ...

Алматыда жаңа тоғыз саябақ ашылады

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың 2021 жылғы дамуы туралы, атап айтқанда жақын арада салынатын саябақ аймақтары туралы айтты, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі. Алматыда...

Қырғыз Республикасында қазақ диаспорасының экс-басшысы ұсталды

Қазақ диаспорасының экс-басшысы Марат Тоқтаучиков Қырғызстандағы мемлекеттік опасыздық ісі бойынша ұсталды. Кеше Қырғыз Республикасының МҰҚК екі азаматты мемлекеттік опасыздық ісі бойынша ұстау туралы ақпарат таратты....

Жаңа қаулы: ШҚО-да шектеу шаралары ұзартылды

Шығыс Қазақстан облысында шектеу  шаралары 2021 жылғы 15 сәуірден 28 сәуірге дейін ұзартылады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат"ХАА. ШҚО Бас мемлекеттік санитар дәрігері Қанат Тұрдиев 2021 жылғы...

Қайыңды көлінің ортасында матраста жатқан қыз елдің ашуына тиді

Қазақстандықтар Қайыңды көлінде бейнеролик түсірді. Кадрлардан бір қыздың су артасында қалқып тұрған үрлемелі матрастың үстінде жатқанын көруге болады. Оның ұлттық парк аумағындағы әрекеті жұртты...

Жүкті әйелді ауруханаға апара жатқан жедел жәрдемге оқ атылды

Щучинск қаласында жүкті әйелді ауруханаға апара жатқан жедел жәрдем көлігіне оқ атылды. Оқиға 11 сәуірде кешкісін болған, деп хабарлайды Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы. Көлікте...

Тұрғын үй нарығы тұрақтайтын болды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мамырда жылжымайтын мүлік нарығындағы бағаның өсуі түпкілікті тоқтайтынын, бағалар тұрақтанатынын мәлімдеді. – Біз апта сайын жылжымайтын мүлік...

«Махаббат қызық мол жылдар» жаңа форматта қайта басылып шықты

Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романы «Фолиант» баспасынан жаңа форматта қайта басылып шықты. Бұл туралы ҚЖО-ның Нұр-Сұлтан...

«Нурикамал» әнінің кейіпкері қайтыс болды

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нурикамал Сейітжанқызы дүниеден өтті. Нурикамал Сейітжанқызы 1949 жылғы 12 наурызда Ақмола облысығ Державин ауданының Братолюбовка ауылында туған. Ұзақ жылдар лауазымды қызметтер...

Қандай препарат екені құпия: Путин екінші рет коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Ресей президенті Владимир Путин екінші рет коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Алайда Кремль қандай препарат екенін нақты жариялаудан бас тартты. Владимир Путин алғашқы вакцинаны 23 наурызда...

Атырау тұрғыны 30 жылдан кейін жаңа құжат алды

Анатолий Жбанов бұған дейін төлқұжатын 32 жасында өзгертіпті. Қазір ол 63 жаста. Осы уақыт ішінде ол Кеңес одағы кезіндегі төлқұжатпен жүрген. Бұл туралы Orda.kz...

Мемлекет басшысы Мәулен Әшімбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Парламенттің жоғарғы Палатасының заң шығарушылық қызметі туралы мәлімет берілді. Мәулен Әшімбаев Сенаттың...

Tesla компаниясы 357 мың доллар жалақыға қызметкер таба алмай жатыр

Tesla компаниясы Германияда салынып жатқан электромобиль шығаратын зауытқа қызметкерлер жалдау мәселесіне байланысты қиындыққа тап болды. Өндірісті 2021 жылы іске қосу жоспарланғанымен, көптеген жұмыс орны...

«Бақытты отбасы» жобасы аясында мәселелер шешімін тауып жатыр

Түркістанда «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында құрылған Түркістан облыстық жедел әрекет ету тобының отырысы өтті. Оған топ құрамына кіретін облыстық басқарма басшыларының орынбасарлары мен...

Әлия Назарбаева ерлік жасағандарды марапаттайды

 «Жандану әлемі» қайырымдылық қорының, Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қорының құрылтайшысы Әлия Назарбаева Adam Bol Awards жобасының жаңа кезеңі басталғанын Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады....

Nur Otan партиясы елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

Сақтаған Сәдуақасов Нұр-Сұлтан қаласындағы Nur Otan партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды. Сақтаған Сәдуақасов еңбек жолын 2004 жылы Астана қаласы Ішкі саясат департаментінің талдау және...

АҚШ президенті 11 қыркүйекке дейін Ауғанстаннан әскерін шығаратынын мәлімдеді

Америка Құрама Штаттары бірінші мамырдан бастап барлық күштерін Ауғанстаннан шығаруға кіріседі", - деп мәлімдеді Evorus.com. Америка президенті Джо Байденнің жоспары туралы ақпарат Washington Post газетіне...

Актер Тәуекел Мүсілім ұлына әкесінің тегін берді

Тәуекел Мүсілім ұлына әкесінің тегін берді. Актер ұлының суретін ашық жариялап, толық аты-жөнін жазды.  Тәуекел Мүсілім жақында әке атанып, ұлына ерекше есім қойған еді. Анасының...

Алматыда дәрігерлер денесінің 85 пайызын күйік шалған жігітті құтқарды

Алматыда №4 аурухананың дәрігерлері денесінің 85%-ын күйік шалған жігіттің өмірін сақтап қалды. Бұл туралы 7-region.com хабарлады. Белгілі болғандай, студент 2 ақпанда бензин құйылған құтының...

15 сәуірде елордада сегізінші веломаусым басталады

15 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында «Astana Bike» автоматтандырылған велосипед жалдау жүйесі іске қосылады. Сәуір айының соңына дейін пайдаланушыларға 850 велосипед пен 154 велостанция қолжетімді болады. Ауа-райының...

«ПСЖ» «Бавариядан» жеңіліп, Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты

"ПСЖ Чемпиондар лигасының 1/4 финалының қарымта матчында "Баварияға" есе жіберді, бірақ екі матчтың қорытындысы бойынша турнирдің келесі кезеңіне өтті. Ханс-Дитер Фликтің командасы өз атағын...

Қай уақытта баспана алған тиімді? – Министрлік жауап берді

Жылжымайтын мүлік нарығындағы баға 2021 жылдың жазында тұрақтануы тиіс, деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев. Қазақстанда тұрғын үй кезегінде 565 мың...

Бекболат Тілеухан аталық және аналық ұрық туралы мәселе көтерді

Парламент Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан бір әкеден тараған жандардың бір-бірне үйленуінің алдын алу үшін аталық және аналық ұрықтың жалғыз бір ғана базасы болуы керектігін...

Эпидахуал: Бір өңір «жасыл» аймаққа өтті

Еліміздің 14 сәуірдегі эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары тұр. Шымкент, Жамбыл, Қызылорда,...

Елімізде екі жаңа комитет құрылды

Мәдениет және спорт министрлігінде екі жаңа комитет құрылды. Сондай-ақ мәдениет министрлігі жанынан жұмыс істейтін геральдикалық зерттеулер орталығы ашылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы үкіметінің 2021...

ANTIKOR: мониторинг жүргізу үшін еліміздің бірқатар өңіріне барды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасарлары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру барысына кешенді мониторинг жүргізу үшін еліміздің бірқатар өңіріне барды. Агенттік Төрағасының бірінші...

Ертіс өзенінде балықтардың неден қырылғаны белгілі болды

9 сәуірде Өскемен қаласында орналасқан «Samal» саябағындағы Ертіс өзенінде балық қырылғандығы хабарланған болатын. Осыған қатысты «Балық шаруашылығы ҒӨО» ЖШС-нің Алтай филиалы, ШҚО Табиғи ресурстар және...

Ауылдарда үй салуға 110 мың жер учаскесі беріледі

Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев 2021-2025 жылдар аралығында тұрғын үй құрылысына инфрақұрылым тарту үшін жыл сайын 170 млрд теңге бөлініп отыратынын...

Жүлде қоры 11 млн. «Алтын тобылғы – 2021» әдеби байқауы жарияланды

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры  еліміздегі ең үздік жас ақындар мен жазушыларды анықтайтын дәстүрлі «Алтын тобылғы» әдеби байқауын жетінші рет ұйымдастырып отыр. Байқаудың басты мақсаты — қазіргі заманғы...

5 мың пәтер беріледі: «Бақытты отбасы» бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

«Бақытты отбасы» бағдарламасына өтінім қабылдау басталды. Биыл бұл бағдарламаға 50 млрд теңге бөлініп отыр. «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, былтыр банк үшін...

NASA Қазақстанға алғыс білдірді

АҚШ Ұлттық аэронавтика және ғарыш басқармасы (NASA) Қазақстанға NASA миссияларын қамтамасыз еткені және ынтымақтастығы үшін алғыс білдірді, – деп жазды Tengrinews.kz. «Біз адамның ғарышқа халықаралық...

«Самұрық-Қазынада» бірнеше директор қызмет ауыстырды

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-да бірқатар кадрлық тағайындаулар болды. Активтерді басқару жөніндегі Басқарушы директор болып Болат Ақшолақов, ал Қоғам және Үкіметпен байланыс жөніндегі Басқарушы директор лауазымына Марат...

Бас мемлекеттік санитар дәрігердің жаңа қаулысы жарияланды

ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың кезекті жаңа қаулысы жарияланды. Құжатта «Ashyq» пилоттық жобасын қолдану арқылы театрлар мен караокелердің, банкет залдарының қайта жұмыс...

Коронавирус: 800-ден астам науқастың жағдайы ауыр

14 сәуірдегі мәлімет бойынша, 35 821 адам короновирус инфекциясынан (35 322 КВИ+ және 499 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 12 482 пациент стационарда, 23 339...

14 сәуір: атаулы күндер мен маңызды оқиғалар

1993 жылы 14 сәуірде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» ҚР заңын қабылдады. Мақсат – қуғын-сүргiн құрбандарын ақтау, оларға тигiзген...

Өткен тәулікте 2,2 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 2229 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, – деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 465, Алматы қаласы - 612, Шымкент қаласы...

Кісі өлтіргені үшін сотталған көпбалалы ана қамаудан босатылды

Павлодарда туысын өлтірген әйелдің жазасы жеңілдетілді. Үкімді облыстық сотта жариялады. Рavlodarnews.kz сайтының жазуынша, сот үкім шығарған кезде сотталушының алты баласы бар, олардың үлкені 11...

14 cәуірге арналған ауа райы болжамы – Қазгидромет

Қазгидромет 14 cәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынады. Республиканың басым бөлігінде әлі де ауқымды антициклон ықпал етуіне байланысты, басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады....

Түркістандағы “Керуен-сарайдың” құрылысына қанша қаржы кеткені белгілі болды

Қазақстанның Даму Банкі Түркістан қаласындағы “Керуен-сарай” кешенінің құрылысына қанша ақша жұмсалғаны туралы айтты. Халық арасында "Түркістан Венециясы" деп аталып үлгерген кешенге 87 миллиард теңгеге жұмсалған,...

Алты облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның алты облысында ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды,-деп хабарлайды "Қазгидромет" ресми сайты. 14-16 сәуірде Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, найзағай күтіледі, жел 15-20...

«Қосмекенді» мемлекеттік қызметкерлер орнынан кетті

Қос азаматтықпен жүрген екі мемлекеттік қызметкер қызметінен босатылды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова Парламент Сенаты депутатының депутаттық сауалына берген жауабында...

Жаңа қаулы: Қызылорда облысында карантин күшейтілді

Аймақ тағы да коронавирус бойынша "сары" аймаққа кірді. Облыстың бас санитар дәрігері жаңа қаулы шығарып, шектеулер енгізді. Қызылорда облысының бас санитар дәрігері Динара Жанарбергенова 13...

19 жастағы қазақ балуаны грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды

Алматыда күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан командасының қоржынына алғашқы алтын жүлде түсті, деп хабарлайды Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі. Грек-рим күресінен 63 келіге...

Құм құрсауында: Маңғыстау облысында екі ауылды құм басып барады

Маңғыстау облысындағы Сазды және Жарма елді мекендері Ақтөбе ауылдық округіне қарайды. Шеге құм екі ауылдағы шеткі жер үйлер мен мал қораларды көміп тастаған. Жергілікті...

Ойын барысында «Ақжайық» командасы бас бапкерінің жүрегі ұстап қалды

«Ақжайық» командасының бас бапкері  Владимир Мазярдың «Шахтер» клубына қарсы кездесуде жүрегі ұстап қалып, төрешілер ойынды тоқтатуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Vesti.kz Екінші таймда денсаулығы күрт...

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы қаңтар-наурыз айларындағы еліміздегі әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындылары және санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөнінде есеп берілді. Бұл туралы akorda.kz хабарлады Премьер-Министрдің мәліметіне сәйкес, аталған кезеңде экономиканың...

Екі адамды өлтіргені үшін түрмеде отырған қылмыскер тағы екі адамның өмірін қиды

Ер адам бұған дейін екі адам өлтіргені үшін 20 жыл түрмеде отырған. Екінші қылмысты түрмеден шықаннан кейін екі ай өткен соң, 2020 жылғы тамызда...

Түркістан облысында 134 өзен-көлде балық өсіріледі

Түркістан облысы жасанды балық өсіру бойынша елімізде көш бастап тұр. Тауарлы балық өсіруге жарамды 134 өзен-көл облыс аумағында орналасқан. Оның ішінде 88 жергілікті маңызы...

Түркістан облысының тұрғыны полицейді көлікпен сүйреген

Түркістан облысына қарасты Жетісай қаласының тұрғыны полицейдің заңды талабына бағынбай, оны 30 метр жерге дейін көлігімен сүйреген. Polisia.kz-тің хабарлауынша, азаматқа қатысты тергеу амалдары басталған. Жетісай...

Түйелерге арналған бағдаршам орнатылды

Қытайдың Ганьсу провинциясындағы Дуньхуан қаласының маңында түйелерге арналған бағдаршам орнатылып жатыр. Бағдаршамның жасыл түсі жанғанда түйелер, ал қызыл түсі жанғанда туристер жолдан өтеді. Дуньхуан –...

Мәдина Сәдуақасова жазушы Қабдеш Жұмаділов жайлы: «Келін деп емес, қызындай жақсы көріп еді»…

Әнші Мәдина Сәдуақасова әлеуметтік желідегі парақшасында қайын атасы, Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовті еске ала отырып, әсерлі жазба жариялады. «Қазақтың дарабоз қаламгері, Халық жазушысы...

Қарағандыда 63 жастағы әже қар көлігімен мал бағып жүр

Гүлнәр Қылышева Қарағанды қаласынан 400 шақырым қашықтықтағы елді мекенде тұрады. "Күміс" алқа иегері. Алты баласынан 19 немере, 1 шөбере сүйіп отыр. Әже электронды шанаға...

Жетісайлық диқандар қырыққабаттың алғашқы өнімін экспорттады

Жетісай ауданындағы Әл Фараби елді мекенінің диқандары ақпан айының басында еккен қырыққабаттың алғашқы өнімін Түркістан облысы бойынша алғаш болып экспорттады, - деп хабарлайды Түркістан...

Екі бас, үш қолмен туған сәбидің ата-анасы мемлекеттен көмек сұрады

Үндістанның Одиша штатындағы Кани ауылының тұрғыны екі басы, үш қолы бар сәбиді дүниеге әкелді. Бұл туралы Odisha TV телеарнасына сілтеме жасап Lenta.ru хабарлады. Қыз бала...

Ақтауда жеңіл көлік жарылды (видео)

Ақтаудың 34-шағын ауданында Daewoo Nexia автокөлігі өртенгені туралы хабарлама 12 сәуірде сағат 23.28-де төтенше жағдайлар департаментіне келіп түсті",-деп хабарлады Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің...

Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру басқармасының басшысы тағайындалды

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Байқазақов Архат Қайратұлы Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Байқазақов Архат...

Сегіз серінің жерленген зираты табылды

Солтүстік Қазақстан облысында белгілі ақын, сазгер Сегіз серінің жерленген зираты табылды. Биыл басына мазар орнатылмақ, деп хабарлайды  ҚазАқпарат. Сүйінші хабарды СҚО музейлер бірестігінің қызметкері, өлкетанушы...

UFC-ге тағы бір қазақ шығады

Қытай қазағы Сайран Нұрданбек (19-6) 22 мамырда Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін UFC турнирінде дебют жасайды, деп хабарлайды Vesti.kz. Сайран Нұрданбек 26 жаста. Ол өзінің кәсіби мансабын 2016...

Қазақстандықтар наурыз айында 2900-ге жуық алтын құйма сатып алған

Қазақстандықтар биыл наурыз айында екінші деңгейдегі банктерден және жекелеген банктік емес айырбастау пункттерінен жалпы салмағы 48,2 кг 2898 алтын құйма сатып алған, деп хабарлайды...

Нұр-Сұлтан қаласының тұрақтандыру қорында азық-түлік таусылуға жақын

Нұр-Сұлтан қаласының тұрақтандыру қоры азық-түлік бағасының өсуін тежеуге тырысып, барлық қорды сатқан. Қазір онда тек қант қалды. Бұл туралы 13 сәуірде өткен брифингте Нұр-сұлтан...

Алматы облысында блокбекеттер қойылды

Алматы облысы Талдықорған қаласы маңындағы Көксу ауданында полицейлер, санитар дәрігерлер мен атқарушы орган қызметкерлерінен тұратын тоғыз блокбекет орнатылды. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жағдайға түсініктеме...

Әнші Марат Омаров той өткізген мейрамханаға қатысты тексеріс басталды

Әнші Марат Омаров той өткізген шымкенттік мейрамханаға қатысты тексеру шаралары басталды. Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, мейрамхана қожайынына айыппұл салу мәселелері қаралуда. «Аталған жайт бойынша 12.04.2021 жылы...

Қазақстандықтарға жыл басынан бері 672,1 млрд теңгеден астам зейнетақы төленді

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді. «2021 жылдың қаңтар – наурыз айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 205,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы...

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес, Кәрібек Дәулет Жамаубайұлы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Жамбыл облысы...

«Коронавирус, кет, кет кет» деп ән салған Марат Омаров тойда ұсталды (видео)

"Коронавирус, кет, кет кет" деп ән салған Марат Омаров Шымкентте той ұйымдастырған, - деп  хабарлайды tengrinews.kz қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасып.  Әлеуметтік желілерде...

Алматыда күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды

Сайыстар сәуірдің 13-17 аралығында Балуан Шолақ спорт сарайында өтеді. Күрестен Азия чемпионаты - Азия елдеріне арналған еркін, грек-рим және әйелдер күресінен өтетін құрлықаралық біріншілік. 1979...

Зеленский Украина Ресейге басып кіруге дайын екенін айтты

Владимир Зеленский Украина Ресейге басып кіруге дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz  CNN-ге сілтеме жасап. Бірнеше күн бұрын Зеленский Донбасстағы майданға жұмыс сапарымен барып,...

Алматыда троллейбус өртенді

Алматыда троллейбустан өрт шықты. Жанып жатқан жолаушылар көлігінің видеосын оқиға куәгерлері әлеуметтік желіге жүктеуде. «Алматыэлектротранс» ЖШС-нің мәліметінше, оқиға 12 сәуір күні Тимирязев пен Әуезов көшелерінің...

Дәулет Тұрлыханов қызметіне қайта сайланды

Әйгілі қазақстандық балуан, спорт қайраткері Дәулет Тұрлыханов Азия күрес кеңесінің президенті қызметіне қайта сайланды. 12 сәуірде Алматыда өткен Азия күрес кеңесінің Бас ассамблеясында оның қазіргі...

Денсаулығына байланысты өтініш білдірген тұрғынға көмек көрсетілді

"Nur Otan" партиясы Ордабасы аудандық филиалына Бадам ауылының тұрғыны Батырбек Мүсілімбек денсаулығына байланысты өтініш білдірді. Жергілікті ауруханада пациент қарау шаралары, құжаттарды рәсімдеу, порталды ұзақ...

Өткен тәулікте 2 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған

Қазақстанда өткен тәулікте 2016 адамның коронавирус жұқтырғаны расталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 337, Алматы қаласы - 598, Шымкент қаласы -...

Бес өңірде өзендер арнасынан тасуы мүмкін – Қазгидромет

12-16 сәуір аралығында Қазақстанның 5 өңірінде өзендердің суы арнасынан көтерілуі мүмкін, – деп хабарлады Қазгидромет. «12-16 сәуір аралығында Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды...

13 сәуір: ел тарихында таңбаланған атаулы күндер

1944 жылы 13 сәуірде тәуелсіз Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының негізі – Қазақ КСР Сыртқы істер Халық комиссариаты құрылды. 2010 жылы 13 сәуірде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан...

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады, – деп хабарлады Ақорда. «Қадірлі отандастар! Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл –...

Вакцинация: Бас мемлекеттік санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты

ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды. Құжатқа сәйкес, «ҚР мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирус инфекциясының алдын алу шараларын одан әрі...

Қасиетті Рамазан айы басталды

Бүгін Ислам әлемі үшін қасиетті, берекеге толы, он екі айдың сұлтаны саналатын Рамазан айы басталды. Орталық Азия мүфтилері кеңесіп, ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне сүйене...

Еліміздің әр аймағының Ораза кестесі

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы биылғы Ораза кестесін жариялады. Назарларыңызға 2021 жылғы Қазақстан елдімекендерінің Рамазан айындағы ораза және намаз кестесін ұсынамыз. Еске сала кетейік, биыл Рамазан...

Айта алмағанымды жазып шықтым. Жұлдыз Әбдікәрімова «Сезін» атты кітабының тұсаукесері өтетінін айтты

Жұлдыз Әбдікәрімова осыдан бірнеше ай бұрын оқырмандарымен ақылдаса отырып, алдағы шығатын кітабының атауын "Сезін" деп қойған болатын. "Мен бұл оқиғаны ешқашан айтпаймын, айта да алмаймын...

Өскеменде шыны жууға арналған сұйықтықтан улы зат табылды

Қазақстан автохимиясын өндірушілер мен тұтынушылар қауымдастығы қала дүкендерінің бірі құрамында улы зат - метанол бар шыны жуатын сұйықтықтың жалған өнімін лицензиясыз сатқанын мәлімдеді, деп...

Үздік 50 ғылыми қызметкерге 5 миллион теңге сыйақы тағайындалмақ

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. «Мұндағы механизм «ЖОО үздік оқытушысы» конкурсына ұқсас болады. Бұл «Ғылым туралы» Заңға енгізілген жаңа түзетулерге сәйкес...

Ербол Қарашөкеев Қаржы вице-министрі болып тағайындалды

Үкіметтің қаулысымен Ербол Қарашөкеев ҚР Қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлады primeminister.kz. Ербол Қарашөкеев еңбек жолын 1998 жылы Статистика агенттігі талдау және конъюнктуралық зерттеулер...

Өрттен зардап шеккен азаматқа көмек көрсетілді

«Nur Otan» партиясы Талдықорған қалалық филиалына өрттен зардап шеккен Еркін ауылының тұрғыны көмек сұрап жүгінді. Мәселе бойынша "Nur Otan" партиясы Талдықорған қалалық филиалы төрағасының бірінші...

Нұр-Сұлтандық оқушы NASA-да тағылымдамадан өтті

Нұр-Сұлтан қаласының 16 жастағы оқушысы Ерасыл Тәуекел NASA-да тағылымдамадан өтті. Ол «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» 10-сынып оқушысы. Қазіргі уақытта ғылыми-зерттеу жобаларын әзірлеумен айналысып жүр, өзі...

Рахым Ошақбаев Республикалық арнайы мониторингтік топтың басшылығына тағайындалды

Рақым Ошақбаев Республикалық арнайы мониторингтік топтың басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі. Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның жүзеге...

Мемлекет басшысы ғылым саласындағы қызметкерлерді құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым саласындағы қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады. "Ғылым саласының қызметкерлерін бүгінгі кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Осы айтулы датаның аса көрнекті ғалым Қ.Сәтбаевтың туған...

Елімізде бір жыл ішінде кедей адамдардың үлесі 20%-ға артқан

Елімізде азық-түлік себетіне қаражаты жетпейтін отбасылар саны 50%-ға өсіп, 28 мың адамға жеткен. Соған қарамастан байлардың саны да артқан. Еліміз ауқаттылардың санының өсуі бойынша...

11 адам қамауға алынды: Киік мүйізін сатқандар ұсталып жатыр

Қазақстанның үш өңірінде киік мүйізін саудалаған браконьерлер мен алыпсатарлар ұсталды. Ауқымды шара аясында Нұр-Сұлтан қаласы, Батыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарында тексеріс жүргізіліп, заң бұзған 11...

Алматылық әйел екі жасар қызымен бірге жоғалып кетті

Алматылық әйел екі жасар қызымен бірге жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы ақпарат Facebook-те тарады. Олар 9 сәуір күні 15:00-де азық-түлік алу үшін үйден шығып,...

Батыста баспана сатып алғандар көбейген

Елімізде наурыз айында тұрғын үйді сатып алу және сату бойынша 52 673 келісім жасалған екен. Бұл ақпан айымен салыстырғанда 28,2 пайызға көп. Ұлттық статистика бюросының...

Филипп ханзадаға ескерткіш қойылмақ

Ұлыбритания патшайымы Елизавета II-нің жары ханзада Филиппке Лондон қаласының Мэлл көшесінде ескерткіш қойылады. Алдын ала келтірілген деректер бойынша, ескерткіш үшін жұмсалатын шығынның бір бөлігі қайырымдылық...

Парамен ұсталған жоғарғы сот судьясы қамауға алынды

Нұр-Сұлтандағы мамандандырылған сот 9 сәуірде Жоғарғы соттың судьясын екі айға қамау туралы шешім шығарды, деп хабарлайды zakon.kz. 63 жастағы Мейрам Жанғұттинов 11 ақпанда пара алып жатқан жерінен...

Бұршақ аралас жаңбыр: 13 сәуірдегі ауа райына болжам

Синоптиктер 13 сәуірдегі ауа райына болжам ұсынды. Еліміздің басым бөлігі бұрынғысынша антициклонның ықпалында болады, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек оңтүстік, солтүстік-шығыс аймақтарда жауын-шашын...

ІІМ заңсыз сақталған қару-жарақтарды ақшалай сыйақыға қабылдауды бастады

Қазақстандықтар заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәріні және жарылғыш затты ақшалай сыйақыға тапсыра алады. ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюктің айтуынша, қарудың әр данасы...

Отандық ғалымдар вирусқа қарсы қорғаныс экранын жасады

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми-технологиялық паркінің жас мамандары Жану мәселелері ғылыми-зерттеу институты мамандарымен бірге бетке арналған ALFASHIELD қорғаныс экранын әзірлеп шығарды. Пандемия басталған кезде көптеген...

Толстой мен Прюдом. Бап шаба ма, бақ шаба ма?

Редакциядан: Амангелді Кеңшілікұлының аты-жөні әдебиет сыншысы ретінде қалың оқырманға кеңінен таныс. Сөз өнерінің ең нәзік, ең күрделі саласы әдеби сын бойынша қалам тербеп келе...

Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі лауазымды қызметке тағайындалды

Директорлар кеңесінің шешімімен "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма Төрағасы лауазымына Ростислав Анатольевич Коняшкин тағайындалды. Ростислав Коняшкин 1989 жылы 4 қыркүйекте Жамбыл облысында дүниеге келген. М.В....

Карантин: Алматыда тарауық намазы мешіттерде жамағатпен оқылмайды

Пандемияға байланысты мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айында мешіттерде жамағатпен намаз оқылмайды. Бұл туралы Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай айтты. «Алғашқы тарауық намазы бүгін оқылады....

Былтыр басы дауға қалған полицей жаңа басшылық қызметке тағайындалды

2020 жылы басы дауға қалып, қызметінен босатылған Алматы криминалдық полициясының бұрынғы басшысы Жанболат Зиадин Талғар аудандық полиция басқармасының бастығы лауазымына тағайындалды. Бұл ақпаратты Алматы...