Қазақстанда есірткіні бақылау орталығы ашылуы мүмкін

Қазақстанда есірткіні бақылау орталығы ашылуы мүмкін

Қазақстанда есірткіні бақылау орталығы ашылуы мүмкін
ашық дереккөзі
Алматыда Орталық Азия бойынша есірткі саясаты мәселелеріне арналған екінші аймақтық конференция өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Еуропадағы есірткі бақылау орталығының кеңесін ескере отырып, есірткіге қатысты анализ жүйесін жақсарту шаралары қабылданды.  Біздің мамандар Амстердамдағы Trimbos институтына  жұмыс сапарымен барып қайтты. Бұл кешен - Нидерландыдағы ұлттық бақылау орталығы.  Қазіргі таңда жобаға ниет білдірген мемлекеттік органдармен бірге елімізде де осындай бақылау орталығын ашу мәселесін қарастырып жатырмыз», - деді ҚР ІІМ есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау департаментінің өкілі Иван Добрышин. Ол денсаулық сақтау, есірткінің алдын алу және есірткі ахуалын бақылау саласы бойынша еуропалық елдердің озық тәжірибесіне сүйену керектігін айтты. Басшылық өкілі есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес жүйелерін зерттеуге белсене кіріскендіктерін жеткізді. Айта кеткен жөн, конференцияны Орталық Азияда есірткінің таралуын болдырмау бағдарламасы ұйымдастырған. Оған Орталық Азиядағы бес елдің ұлттық серіктестері мен сарапшылар, ІІМ өкілдері және ҮЕҰ қатысады.