1023
Агроөнеркәсіп кешенін дамыту - маңызды іс
Агроөнеркәсіп кешенін дамыту - маңызды іс
Елімізде ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақсатында сан түрлі шаруалар атқарылуда. Соның бірі – «Агробизнес – 2020» баңдарламасы. Бұл бағдарлама бойынша агроөнеркәсіп кешенін дамыту жұмыстары Жамбыл облысында таюысты атқарылып келеді.
Бұған бүгін Жамбыл облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы өткізген брифингтегі деректер дәлел. Өңірлік коммуникация орталығында өткен брифингте агроөнеркәсіпті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаның орындалуы мен күзгі дала жұмыстарының барысы жөнінде баяндалды.
Биылғы жылы облыстың аргоөнеркәсіп кешенін дамытуға барлығы 18,5 миллиард теңге бөлініп, өткен 8 айда жоспарға сай 11,5 миллиард теңге игеріліп үлгерді. Барлығы 4434 шаруақожалығы субсидия алды. Облыста ет өндірісі 4 пайызға, сүт өндірісі 3 пайызға артқан. Бүгінгі күнге масақты дақылдарды жинау жұмысы толығымен аяқталды. Күзге дала жұмыстарына деп 16200 тонна арзандатылған дизель отыны әкелінген. Қазір оны шаруаларға үлестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өңірде қант қызылшасының алқабы өткен жылмен салыстырғанда төмен. Алайда, оны өткізу мен жинау бойынша нақты жұмыстар жүргізіліп жатыр деді басқарма басшысы. Кездесуде ауылшаруашылығы саласындағы кейбір проблемалық мәселелерге қатысты сұрақтар қойылып, журналистер тиісті жауаптарын алды.
Оңтүстік өңір еліміздің солтүстігін басым бағыттағы дақылдар және жеміс жидектермен тұрақты түрде қамтамасыз ету қажет. Осыған орай Жамбыл облысында бау-бақтың көсегесін көгертіп, еселі еңбектерімен көзге түсіп отырған шаруашылықтар жетерлік.
Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты Тереңөзек ауылдық округі соңғы кезде бау-бақша өсуге мықтап ден қоя бастаған. Нақтырақ айтқанда «Қаз Алма» серіктестігі биыл ерте көктемде 50 гектар жерді игеріп, шие жеміс ағаштарын отырғызған. Қазірдің өзінде жапырақтары жайқалып өсіп келе жатқан жеміс талдары Польшадан жеткізіпті.
Жер сіңдіріліп жатқан жеміс ағаштары екі жылдан соң өнім бермек. Шарауалар алғашқы жылдары 5 тонна шие алуды көздеп отырса, 4 жылдан соң өнім көлемі 16 тоннаға жетеді деп жоспарлап отыр. Шаруашылық бүгінде бау-бақтың ішін арамшөптен арылтып, жұмысқа жұмыла кіріскен. Оған замануи үлгідегі техникалар қолданып жатыр. Жемісті өркендету бойынша үкіметтік бағдарламаға сай тамшылартып суаруды қолға алып, жан-жағы қоршалған бау-бақ субсидияландырылады.
Ал Жамбыл облысының, Шу ауданы, Қорағаты ауылындағы «Анар-1» өндірістік кооперативі тың кәсіп жержаңғақ өсіруді қолға алған. Былтыр 25 гектар алқапқа бұршақ тұқымдас майлы дақылды еккен шаруа, өнімге деген сұраныс жоғары болғандықтан биыл оның көлемін екі есеге арттырған.
2005 жылы құрылған шаруашылық, негізінен, бау-бақша өсірумен айналысады.Агроқұрылымның иелігінде қазіргі күні 400 гектар жер бар. Былтыр ғана экзотикалық дақылды өсіруді қолға алған шаруа агротехникалық шараларды жақсы білмегендіктен өнімді аз жинапты. Ал биыл несие арқылы қымбат техника алып өнім көлемін еселемек.
50 гектар алқапты алып жатқан жержаңғақ мына заманауи технологияның әдісімен жаңбырлатып суғарылады. Бұл құрылғының артықшылығы еш адамның көмегінсіз өздері жылжып 50 метрге дейін жерді сумен қамтамасыз етуге қауқарлы.
Яғни, жаңа ауылшаруашылық техникасы тірлікті анағұрлым жеңілдеткен. Алайда, жұмыстардың барлығы дизель отынның арқасында іске асырылатындықтан шаруаларға бағаның шарықтауы тиімсіз болып тұр. Өйткені, субсидиямен берілген сұйық отын барлық шаруашылыққа жеткіліксіз.
Қазіргі уақытта егістік алқапта жержаңғақ жапырақ жайып, жайқалып өсіп тұр. Ол 120 күнде пісіп-жетіледі. Сәуір айында еккен жержаңғақты шаруалар жиырма күннен соң жинаймыз деп отыр. Өнім нарықта үлкен сұранысқа ие болғандықтан өндірістік кооператив жетекшісі жержаңғақтың жерде қалмайтынына нық сенімде.