Айналым тұрақты, табыс қомақты  

Айналым тұрақты, табыс қомақты  

Айналым тұрақты, табыс қомақты  
ашық дереккөзі
Апта басында ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов ГФР Сыртқы істер мемлекеттік министрі Нильс Анненмен кездесті. Саяси және сауда-экономикалық салаларда стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға бағытталған жиында Индустрия 4.0 жоғары технологиялық өнеркәсіпке және білім беру саласындағы ынтымақтастыққа ерекше көңіл аударылды. «Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықтың динамикасы қарым-қатынастың бүкіл ауқымы бойынша тұрақты даму сипатына ие болды. Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Германия Федеративтік Республикасының федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайер және канцлері Ангела Меркель арасындағы жоғары деңгейде тұрақты байланыстар ерекше маңыздылыққа ие», – деді Қайрат Әбдірахманов. Қос ел арасында сауда-экономикалық және инвестициялық әлеует ауыз толтырып айтарлықтай. Оған дәлел, өткен 2017 жылы Қазақстан мен Германия арасындағы сауда айналымы 4,9 миллиард АҚШ долларына жеткен. Оның 345 миллион доллардан астамы Қазақстан экономикасына тек қана инвестиция ретінде келген. Жалпы, 2005 жылдан бастап осы жылдың қаңтар айына дейін неміс кәсіпкерлерінен Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағымы 4,2 миллиард АҚШ долларынан асып жығылыпты. Олардың 90 пайыздан астамы «шикізаттық емес» салаға, атап айтқанда, өңдеу, химия өнеркәсібіне, құрылыс материалдарын өндіру, көлік және агрокешеніне құйылған.