Бақыт Сұлтанов жұмысқа жаяу баратынын айтты

Астананың жаңа әкімі Бақыт Сұлтанов жұмысқа жаяу баратынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Мен бұрын жұмысқа жаяу баратынмын (оң жағалаудағы Қаржы министрлігінің ғимаратына – автор.). Қазір жұмысыма жақын тұрғандықтан жаяу барамын. Жол-жөнекей не болып жатқанын қараймын, тапсырмалар да беремін. Ал жұмыс барысында таксимен жүремін», – деді Сұлтанов.

«Бұрынғы әкімнің идеяларын тоқтатпау керек. Оны жалғастыру керек. Осындай идеяларды жалғастырып, одан әрі дамыту керек», – дейді әкім.

Еске сала кетейік, биыл тамыз айында бұрынғы әкім Әсет Исекешевтің қызметтік көліктен бас тартып, бизнес-класс санатындағы таксиге ауысатыны жайлы хабарланған еді.

Back to top button