10 Қыркүйек, 11:24 372 0 Қоғам Назым Тойлыбаева

Қостанай облысында 200 шақырым жол жөнделеді

Қостанай облысында биыл 200 шақырымға жуық республикалық маңызы бар жолдар жөнделеді, деп хабарлайды Хабар 24.

Жұмыс 7 учаскеде жүргізіледі  Олардың бір бөлігіне күрделі жөндеу жасалса, басым бөлігі орташа жөндеуден өтеді. Биыл жолдарды жаңартуға 13 млрд теңге қарастырылған. Соңғы 15 жылда бұл салаға мұндай қомақты қаржы жұмсалмаған. Мамандардың айтуынша, жұмыс белгіленген кестеге сәйкес жүріп жатыр. Жолдардың бәрі қазан айының соңына дейін жөнделіп бітуі тиіс. Сонымен қатар Жітіқара ауданында 25 шақырым даңғылды қайта жаңарту жобасы дайындалу үстінде. Бұл жерде бұған дейін тек көтерме жол ғана болған. Асфальт төселмеген. Күрделі жөндеуден соң Ресейге осы бағыт арқылы қатынас көбейеді деп күтілуде.

«Ол жерде бұрыннан топырақ қана үйілген. Көктемде, әрбір жаңбырдан соң жүру өте қиын. Тексеру, геологиялық барлау жұмыстары аяқталды. Қазір жобалық шешім жұмысы жүріп жатыр. Бұл жұмыс қалай аяқталады, солай іске кірісеміз. Бұл бағыт Жітіқара- Мүктікөл арқылы облыстың Ресеймен шекарасына тіреледі», – деді «Қазавтожол» ҰК» АҚ ҚОФ директоры Андрей Горват.

Соңғы жаңалықтар