3 Қыркүйек, 16:28 407 0 Өнер Назым Тойлыбаева

Америкалық дипломат қобызбен күй орындап берді

АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің қызметкері болған Рэн Элхай қазақстандықтарды өнерімен тағы сүйсінтті. Ол бұл жолы қазақтың «Аққу» күйін қобызбен орындап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін өз үлгісімен музыка мәдени құндылықтары әртүрлі адамдарды біріктіретінін дәлелдеген америкалық дипломаттың (Рэн Элхайдың - авт.) туған күні. «Аққу» күйі - оның ең сүйікті қазақ күйлерінің бірі», - делінген АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің Фейсбук парақшасында.

Видеода Рэн Элхайдың қобызбен күй орындап отырғанын, әуезді күйдің ырғағына қазақ қызының билеп жүргенін көруге болады.

Еске сала кетсек, Р.Элхай бұған дейін еліміздің әйелдер қауымына қазақша ән салып берген болатын. Ол 8 наурыз мерекесіне орай Айқын Төлепбергеннің «Алтыным» әнін орындаған еді.

Соңғы жаңалықтар