Сомалиде жарылыстан 6 адам қаза тапты

Сомали астанасы Могадишода жойқын жарылыс болып, 6 адам опат болды, деп хабарлайды Хабар 24.

Марқұмдардың арасында балалар мен әскерилер бар. Тағы оннан астам адам түрлі жарақат алған. Жергілікті биліктің хабарлауынша, бақылау бекетінде жарылғыш орнатылған көліктің күлі көкке ұшқан. Осы маңдағы мектеп ғимараты да қирады. Лаңкестік әрекетке жауапкершілікті «Аль-Шабаб» лаңкестік ұйымы өз мойнына алды.

Back to top button