Академиялық адалдық лигасы

Академиялық адалдық лигасы

Академиялық адалдық лигасы
ашық дереккөзі
Елімізде Академиялық адалдық лигасы құрылды. Ол Назарбаев Университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университеті, жалпы саны  21 жоғары оқу орнының басын біріктіреді. Қазірде оған кіруге тағы бірнеше жоғары оқу орны ниет білдіріп отыр. Академиялық адалдық лигасы әлемнің ең үздік университеттерінің тәжірибелеріне сай қағидалар негізінде жұмыс істемек. Лига білім саласын дамытуға бағытталған. Биылғы жылы жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту туралы заң қабылданып, ҚР Білім және ғылым министрлігі осы заңға сай ЖОО құзіретін кеңейтуде. Ал академиялық адалдық лигасы білім сапасын көтеруге әсер етуі тиіс. Академиялық адалдық лигасы адалдық жүйелерін жасап, үздік студенттер ғана бітіретін жүйені қалыптастырмақ. Оған университеттің студенттері де, оқытушылары да қатысып, толыққанды антиплагиат жүйесін жасау көзделген. 2021 жылдан бастап әр университет өз үлгісіндегі диплом беруді бастайды, бұл жағдай өз кезегінде жоғары оқу орындарының жауапкершілігін арттыратын болады. Демек, ЖОО-лар ендігіден былай өздері оқытып шығарған мамандарға және оларға берген диплом сапасына кіршіксіз абыройымен жауап береді.