Үш адам құдыққа түсіп мерт болды

Үш адам құдыққа түсіп мерт болды

Үш адам құдыққа түсіп мерт болды
ашық дереккөзі
Алматы облысында 25 және 24 жастағы үш адам құдыққа түсіп, мерт болды. Оқыс оқиға Кеген ауданының Алғабас ауылының маңында болған. Марқұм болғандардың мәйіттерін жергілікті тұрғындар 10 метр тереңдіктегі құдықтан өздері алып шыққан, деп хабарлайды 24.kz. «Оқиға Кеген ауданының Алғабас ауылының маңында болған. 12 тамыз күні сағат 21:45-те төтенше жағдайлар қызметіне үш адамның құдыққа түсіп, мерт болғандығы жөнінде  хабар келіп түсті. Қайтыс болған адамдар 1994 және 1993 жылғы азаматтар.  Оқиға барысында 3 адам бақша суармақ болып, 10 метр тереңдіктегі  құдықтың ішіне су сорғыш (мотопомпа) құрылғы орнатқан. Артынша бір адам құдыққа түсіп, шыға алмай қалған. Сосын екі адам оған  көмектеспек болып құдыққа түсіп, олар да шыға алмады. Үшеуі де мотопомпадан бөлінген иісті газдан уланған.  Құдықтың ішінен үш мәйіттерін  жергілікті тұрғындар алып шығып, бізге соңынан бір хабар берген», - деп мәлімдеді облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілі Азамат Жұртбаев.