Ақмоланың жолынан адам шошыр

Ақмоланың жолынан адам шошыр

Ақмоланың жолынан адам шошыр
ашық дереккөзі
Ақмола облысының жолдарында арнайы талаптарға сай келмейтін 3 жарым мыңға жуық кемшілік анықталған. Осыған байланысты әкімшілік полиция басқармасы жолға жауапты коммуналдық мекемелер мен мемлекеттік органдарға 90-нан астам айыппұл салды. Ал олқылықты ретке келтіру жайлы жасалған ескертулердің саны 1 мыңнан асады. Тексеруші мамандардың айтуынша, егер бұл жолдарды жөндемесе, мұның соңы жол-көлік апаттарының жиілеуіне алып келуі мүмкін. Жалпы, Ақмола облысында жолдардың жалпы ұзындығы 19 мың шақырымға жуықтайды. Ал осындай тексерістер жыл сайын өткізіліп тұрады. Биыл 10 мың шақырым жол зерттелген. – Бұдан бөлек жергілікті атқарушы органдарға бағдаршамдар мен жол белгілерін орнатуға қаржы бөлу туралы 114 хат жіберілді. Сондай-ақ, осы тексерістің нәтижесінде 7 жерге бағдаршам мен 202 жол белгісі қайта орнатылып, 11 бағдаршам мен 586 жол белгісі қалыпқа келтірілді, – дейді облыстық әкімшілік полициясы басқармасы басшысының орынбасары Ержан Қошқарбаев. Жол жаман болса, бағдаршамның бары мен жоғынан не қайыр?!