__МаңыздыЖаңалықтарЖаһан

Эбола дерті қайтадан белең алды

Конго Демократиялық республикасында Эбола безгегі қайтадан белең алды. Қауіпті індет Солтүстік Киву аймағына тараған. Белгілі болғандай, ауруды жұқтырған 26 адамның жиырмасы көз жұмған, деп хабарлайды 24.kz.

Осыған дейін бұл елде аталмыш ауру мамыр айында тараған болатын. Сол кезде 26 адамның өмірі қиылды. Індет ошағы қарулы қақтығыс өршіген Руанда мен Уганданың шекаралас аумағында орналасқан. Бұл жайт аурудың таралуына қарсы шаралардың қолдануын қиындатып отыр.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдеуінше, бұл жолғы індет бұрынғыға қарағанда қауіптірек болып тұр. Қарулы шиеленіс жүріп жатқан аймақ болғандықтан науқастарды қауіпсіз жерге жеткізу қиынға соғуда»,-деді  БҰҰ Бас хатшысы ресми өкілінің орынбасары Фархан Хак.

 

Back to top button